mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Орысша жаңалық көрсеткен телеарнаға айыппұл салынды

korrespondent.net сайты: «Бұл жуырда қабылданған Заң аясындағы алғашқы айыппұл. Аталған Заңның негізінде ұлттық телеарналарға ресейлік жаңалықтар мен аналитикалық-ақпараттық бағдарламаларды көрсетуге тыйым салынған»,— деп хабарлайды.

Теле және радио хабарлау бойынша Молдова кеңесі РТР-Молдова телеарнасына айыппұл салды. Аталған арна Ресей жаңалықтарын көрсеткен. Айыппұл көлемі – 50 мың лье (шамамен үш мың доллар). РТР-Молдова бас директоры Евгений Сергеев РИА Новости басылымына берген сұхбатында кеңестің шешімімен келіспейтіндігін және осы мәселеге байланысты сотқа дейін баратынын айтты.

(21)