mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мигранттарға арнайы пойыздар мен автобустар шығарылады

Елдің еңбек министрінің орынбасары Закир Умаров: «Өзбекстан билігі Қазақстан мен Ресейге жұмыс істеуге баратын азаматтар үшін жаңа маршруттар ашады. Бұл үшін Өзбекстан президенті қаулысының жобасы дайын тұр. Құжат жақын күндері қабылданады. Президент Шавкат Мирзияевтен тапсырма алған үкімет тиісті мекемелерге ақпанның аяғына дейін халықаралық бағытта жолаушы автобустарын ұйымдастыруды жүктеген.

Хабарларға қарағанда, Бұхара облысынан Ресейге тұрақты автобус рейстерін шығару жақында президенттің аймаққа сапары кезінде сөз болған. Автобус бағыттары ғана емес, Қазақстан мен Ресей аймақтарына жолаушы пойыздарын ашу көзделіп отыр. Ол үшін Ресейдің темір жолдарымен келіссөздер жүріп жатыр.

Дәл осындай жұмыс Өзбекстан ұлттық әуе тасымалымен де атқарылып жатыр. Өзбекстан басшысы әуе компаниясына халықаралық рейстерге билетті төмен бағаға сатуға рұқсат берді. Соған байланыс Қаржы министрлігіне арзан билеттер сататын әуе компанияларына салықты азайту механизмін қарастыру тапсырылған. Қазақстан мен Ресейге жұмыс істеуге баратын өзбек еңбек мигранттары ақша үнемдеу үшін автобустарға отырады. Мигранттар мінген автобустар жиі апатқа ұшырайды: Бұл сондай апаттардың алдын алуға жасалған қадам»,— дейді.

(14)