Тараптар «Каримов дуалын» бұзды

ozodlik.org басылымы: «18 ақпанда Өзбекстанның Самарқан облысы мен Тәжікстанның Соғды облысын қосатын «Саразм-Джартепа» бақылау-өткізу пунктінде үлкен дуал бұзылды. Халық арасында бұл ғимарат «Каримов дуалы» деп аталып кеткен. Оның ұзындығы – 3 метр, ені – 10 метр. Ол 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған. Дуалды бұзған кезде Өзбекстан және Тәжікстан шекарашыларының делегациясы болды. Тәжік жағы бұл бақылау-өткізу пунктінде терминал, қонақ үй және автотұрақ салу жоспарлап отыр»,— деп мәлімдейді. Пенджикент ауданының радио журналисі Шохин Равшан: «Аталған «Саразм-Джартепа» БӨП келесі айдың ортасында ашылады деп жоспарланып отыр. Қазір Пенджикентте «Наурыз» мерекесіне даярлық басталып кетті. Мерекелік шараға Өзбекстан делегациясы қатысады. Пенджикент қаласында наурызды тойлауға Өзбекстан және Тәжікстан президенттері қатысады деген сыбыс бар»,— деген ақпарды жеткізлі. Еске салсақ, наурыздың екінші жартысында Өзбекстан президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады. Ол кезде Шавкат Мирзияев мен Эмомали Рахмон екіжақты маңызды келісімдерге қол қоймақ.

(21)