mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

    Мен елге 10 сотық жер беруге қарсымын

Жер заңына байланысты қоғамдық талқылауда тәуелсіз заңгер, адвокат Абзал Құспан: «Кейбір адамдардың көңіліне менің пікірім жақпауы мүмкін, әрине, бірақ мен 10 сотық жер беруге өз басым қарсымын. Неге? Себебі, барлық азамат 10 сотық жерді қалалық жерден, облыс орталығынан алғысы келеді, ауылдан жер берсе, бас тартады. Конституция, жер кодексі бойынша да 10 сотық жер бәріне тиесілі. Бірақ, «архитектуралық ансамбль» деген ұғым бар. Алматы қаласын барып көріңіздерші. Бұл мегаполисті жартылай қала, жартылай колхоз деуге болады. Өйткені біреулер коттедж салады, біреулер оны сала алмай жүр. Соның салдарынан қаланың бейнесі, көркемдігі, ұсқыны бұзылып бара жатыр. Қазір барлық қала солай, бет-бейнесі өзгеріп кетті. Азаматтардың барлығы 10 сотық жер алып, жекеменшік үй салып алуға әуес. Бәріміз шет елдерге шығамыз, әдемілігіне тамсанып қайтамыз. Елордамыз қалай әдемі салынып жатыр?! Егер Астананың жартысынан жер беріп қойсақ, мынадай келбетін көре алмаған болар едік. Сондықтан, осыған байланысты өзімнің қарсылығымды айтып түсіндіріп жатырмын. Жеке үйлерді ауылда салу керек», — деген пікірін білдірді.

(15)