mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

     Тозығы жеткен техникаларды жаңарту керек

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында осы ведомство басшысы Өмiрзақ Шөкеев: «Бiз техникасыз ауыл шаруашылығында еңбек өнiмдiлiгiн қалай арттыра аламыз? Бұл салада техниканың жаңартылу деңгейi 3 жыл бұрын 6 пайыз болған. Ал, қазiр 2 пайыз. Өткен жылы да 2 пайыз болған. Бұрын 5 мың дана техника әкелiнсе, қазiр 2 мың дана техника жеткiзiледi. Бүгiнгi таңда лизинг 18 пайызбен берiледi. Оны кiм алады?

Сондықтан, субсидиялауды лизинг пен техниканы жаңарту жаққа бағыттаймыз. Бiзге тиiмдi, үздiк техника қажет. Техникасыз алға жылжи алмаймыз. Осылайша егiннен айырылып отырмыз. Мысалы, бiр Джон Дир техникасы сегiз ескi техниканы алмастырады. Ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы 17 жылдан бері ескi. Бұндай техникамен қалай жұмыс iстеуге болады?» – деп, елiмiздегі тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшiн тұқым мәселесiн шешу керектiгiн де атап өтті.

(12)