mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Ақыры мұнай өңдейтін зауыт салынатын болды

2018 жылдың көктемінен бастап Шығыс Қазақстан облысында мұнай өңдейтін зауыт салына бастайды.

Бұл ақпаратты облыстың Теректі ауданының әкімдігі растады. Аудан әкімі Кәрім Жақыпов жобаның бизнесмендердің жекеменшік иелігі екенін жеткізді. 2017 жылдың ақпан айында әкімдік БАӘ бизнесмендерінің инвестициялары арқасында жүзеге асырылатынын айтқан болатын.

Бұл инвестицияның жалпы құны – 420 млн доллар. Алғабас ауданында мұнай өндіру зауытының құрылыс жұмыстары үш жылға созылады. Аталған зауыт қолданысқа берілгеннен кейін 200 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Естеріңізге сала кетсек, 9-ы ақпан күні Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында төртінші мұнай зауытын жылдам салу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын

(10)