mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жемқорды ұстап берсең, сыйақы аласың

 «КТК» арнасы: «Тұрғындар жемқорларды ұстап беріп, ақша табуда. Осы уақытқа дейін азаматтарға берілген сыйақы көлемі 31 миллионнан асқан»,— деп хабарлайды. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро парақорларды ұстап берген әр азаматқа 70 пен 250 мың көлемінде сыйақы беріп жатыр. Әрине, сенім телефонына хабарласқан адамның ақпараты рас болуы керек.

Ол кейін расталғанымен ақша да бірден қолға ұстатылмайды. Қаржы азаматтарға үкім шыққан соң беріледі екен. Бұл жайында айтып берген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Салауат Мүксімов: «Былтырғы жылы 226 адамға 31 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Елімізде 2016 жылы 2473 жемқорлық фактісі тіркелсе, 2017 жылы ол көбейген. Яғни 2933 парамен ұсталу оқиғасы орын алған»,— деген бдеректерді алға тартты.

(11)