mm
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» қоғамдық-саяси газетінің Бас директорының бірінші орынбасары.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, “ЕлАна” Қоғамдық, әлеуметтік, танымдық, ақпараттық сайтының бас редакторы.

Елде 200 мың адам жұмысынан кеткен

Статистика комитеті: «2017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 189,5 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 200,0 мың адам жұмыстан кетті.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар саны 77,4 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,8 пайыз, басқа себептер бойынша – 15,8 пайыз. 2017 жылғы төртінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 27,3 мың бос орын бары белгілі болды. 2017 жылғы төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,9 пайыз, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,3 прайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7 пайыз болды.

Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8 пайызды құрады. Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы. Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы. Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады.

Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады. Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.

(20)