mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқы Олимпиада: Қазақстан туын А.Әжғалиев алып шығады

Биыл 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Жыл-дың айтулы додасында 2 мыңдай спортшы бағын сынамақ. Ал қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасын алу үшін лицензиялық жарыстарға қатысып жатыр. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев: «Біздің спортшылар 9 спорт түрінен 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда спорттың 4 түрінен 33 лицензия: биатлоннан 10, шорт-тректен 10, мәнерлеп сырғанаудан 3 және конькимен жүгіруден 10 жолдама бар. Қазақстандық атлеттер шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы және фристайлдан да жолдама алуға үмітті. Фристайл-могул спортынан Дмитрий Рейхард, Юлия Галышева, сонымен бірге биатлоншыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Шорт-тректен ұлттық құрама спортшыларына ерекше тоқталғым келеді. Олар әлем Кубогының барлық лицензиялық кезеңдеріне қатысып, 10 жолдама жеңіп алды. Биылғы Ақ Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығуы мүмкін. Олимпиада ойындарында туды ұстап шығуға лайықты кандидат екеніне сенімдіміз. Абзал Әжғалиев 2016 жылы Солт-Лейк Ситиде өткен шорт-тректен әлем Кубогының екінші кезеңінде алтын медаль иеленген спортшы. Биылғы Ақ Олимпиадада да ол сол биік тұғырды бағындырады деп сенеміз»,— дейді.

(22)