Түркияда ұшақ теңізге құлап кете жаздады

bbc.com сайты: «Түркияда жолақтан шығып кеткен ұшақ теңізге құлап кете жаздады»,— деп хабарлайды. Өткен аптаның сенбі күні бортында 168 жолаушысы бар  Pegasus Airlines лоукостерінің «Боинг 737-800» ұшағы Анкарадан ұшып шығып, Қара теңіз жағалауындағы Трабзон қаласына барып қонды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқыс оқиға кезінде жапа шеккендер жоқ. Лайнер жолаушылары эвакуацияланған. Қазіргі таңда оқыс оқиға себебі анықталу үстінде. Анатолий мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, экипаж мүшелері көпке дейін жолаушыларды тыныштандыра алмаған. Суреттерден ұшақтың жар шетіне келіп асылып қалғанын, ал оның тұмсығының теңізге жақын жерде жатқанын көруге болады. Оқыс оқиғаға куәгерлердің бірі Фатма Горду: «Ұшақ құлаған кезде оның артқы бөлігі көтерілді. Жолаушылар дүрбелеңге салынып, шулай бастады. Бір кезде бізге артқы есіктен шығу бұйырылды. Осы сәтте адамдар бір-бірін таптап, сыртқа шығуға асықты. Ұшақтан керосин иісі шыға бастағандықтан, жүгірген едік», — депті. Осы шетін оқиғадан кейін әуежай жабылып, бірнеше сағат бойы апат себебі тексерілген көрінеді.

(3)