Талантты комузшы өмірден озды

Қаңтардың 12-сі күні қырғыз халқының атақты күйшісі, халық әртісі Фахридин Баяков 69 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының БАҚ-тары хабарлады. Өз шығармашылық жолында «қырғыздың ескі комуз күйлерін жеріне жеткізе шерте білетін санаулы күйшілердің бірі» саналатын Фахридин Баяков замандастары бірауыздан мойындаған қырғыздың «қара күйлерінің» шебері болған. Қырғыз халқының қомызшылық өнерінде «оңтүстік күйлері» мектебінің өкілі Фахридин Баяков 1971 жылы Бүбүсара Бейшеналиева атындағы өнер институтының «хор дирижері» бөлімін бітірген. 1973 жылдан зейнетке шыққанша Ош мемлекеттік университетінің өнер факультетінде оқытушы болып еңбек еткен.

(7)