ДОМБЫРАНЫҢ ҚОС ШЕГІНЕН СЫР ТӨГІЛДІ

шығармашылық кеш

 Еліміздің іргелі оқу орны Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі жазушы, кинодраматург, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбай және ақын, журналист, Халықаралық «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Жұлдыз Тойбектің «Мизам шуақ» атты шығармашылық кеші өтті. Кешті

Ш ұйымдастыруға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі университеттегі «Кәусар»  мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай қолдау көрсетті.

Кешке елімізге белгілі ақын-жазушылар, профессор-оқытушылар, студенттер жиналды.

Журналистика және саясаттану факультетінің 1 курс студенттері ақын Жұлдыз Тойбектің лирикалық, отансүйгіш, туған жер, аналар тақырыбына жазылған өлеңдерін жатқа оқыды.

Одан кейін Ж.Тойбек те өнегеге толы өз өлеңдерін оқып, тыңдармандарының ризашылығына бөленді.

Жазушы Айгүл Кемелбаеваға залдан әдебиетке қатысты сауалдар көп қойылды. Көрермендердің қойған сұрақтарына орай өз шығармашылығы жайындағы қызықты әңгімелері тілге тиек етті. Қазақ әдебиетінің кешегі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында тұшымды пікірлерін ортаға салды.

Кеш соңында алыстан ат терлетіп, арнайы келген белгілі жазушы Мағира Қожахметова апай:

— Жастар, сіздер көбіне әншілерді, тележүргізушілерді,

комментаторларды білесіздер. Бірақ сіздер Айгүл мен Жұлдыз сияқты ақын-жазушы қыздарды біле жүргендеріңіз дұрыс. Сондықтан сіздердің алдарыңызға шыққан қыздар — біздің қазақ руханиятына енген қыздар.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің политология кафедрасының профессоры Нәубат Қалиев:
— Айгүл — құбылыс! Бұл кісі қазақ прозасының, қазақ әдебиетінің есігін еркін ашты. Елімізге 18 жасында танылды. Содан бері өсіп, шыңдалып келеді, — деді.

Сахнадағы шығармашылық адамдар көрермендермен  еркін сұхбат құрып, өлең оқылып, ән шырқалды. Жазушы Мағира апайдың Жұлдыздың немересіне қолындағы күміс білезігін шешіп, ақ батасын беруі кешегі үлкендердің даналығының бір үлгісіндей болды.

Журналистика мен поэзияны қатар өрген арқалы ақын Жұлдыз Тойбек пен 18 жасында «Жетінші құрлыққа саяхат» атты кітабы шығып, топ жарып, елді аузына қаратқан белгілі жазушы Айгүл Кемелбайдың кешін тұла бойы өнерге, мәдениетке тұнған күміс көмей әнші Мыржықбай Кенжеғали ағамыз өте әсерлі өткізді.

Жания  Тапалова,

Халықаралық «Жібек жолы» ұйымының баспасөз хатшысы

(37)