mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Джиу-джитсу: Әртісіміз — чемпион!

«SPORTINFORM»: «Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық джиу-джитсудан өткен Халықаралық Грэнд Слэм («Үлкен дулыға») жарысында алтын медальды жеңіп алды»,— деп хабарлайды. Осы жеңісі жайлы су жаңа чемпионның өзі: «Мен 3 мәрте боз кілемге шықтым. Біріншісін сабмишнмен жеңдім, қалған екі белдесуді ұпай санымен алып кеттім. Әрине, қиындықтар қайда болса да бар, бірақ маған ұнайды. Бұл менің Абу-Дабиге екінші рет келуім. Бірінші рет 2016 жылы әлем чемпионатына болдым. Бүгін, міне, Grand Slam World Tour халықаралық жарысында белдестім. 2018 жылды мен «алтынмен» бастадым және бұл менің алдағы жетістіктерімнің жалғасы болады деп үміттенемін»,— дейді басылым журналистеріне берген сұхбатында жеңімпаз қызымыз мақтанышын жасыра алмай. Айта кетсек, Мөлдір «Мұраға қалған махаббат» (Любовь по наследству) және «Саяхатшы» (Путешественник) сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танымал болған киноактриса. Қазір ол «Қазақ батырлар» тарихи сериалына түсіп жатыр. Ол онда басты рөлді ойнайды.

(14)