Жас та болса бас болған Нұркен

Асанов Нұркен Жарылқапұлы 1980 жылы 25 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм елді мекенінде туылған.  1997-2001 жылдары Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. 2002-2004 жылдары Германияның Фрайбург қаласындағы «Вупперталь» университетінде «Халықаралық басқарма» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. 2014-2016 жылдары Швейцарияның «Юбис» университетінде «МВА» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2001-2002 жылдары «Астана Тауерс» мекемесінде әкімшілік басқару қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Германиядағы «Еуразия групп» компаниясында аудармашы қызметін, ал 2005-2009 жылдары «Еуразия Групп» холдингінің сату бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2009-2014 жылдары «Мегас Инвест» ЖШС бас директоры. 2014 жылдан бері «Еуразия групп» АГ Швейцария құрылтайшылар алқасының мүшесі, кеңесшілер алқасының мүшесі.
Нұркен Жарылқапұлының «Нұр Отан» партиясының беделін арттыра отырып, ел азаматтарының өмірін сапалы жақсартуға ұмтылыстарын қоғамдық бірлескен күш-жігерімен және әлеуметтік келеңсіздіктерсіз қамтамасыз етуге қосқан үлесі зор.
2007 жылы «Шұғыла» қоры ашылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» еңбегінде «Менің назарымдағы басты мәселе — әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету. Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін-өзі сезінулері тәуелді» деген сөзін қолдау мақсатында 10 жылдан бері «Шұғыла» қоғамдық қорының мүшесі ретінде жыл сайын 100-ге жуық тұрмысы төмен жанұяға тұрақты тегін көмір таратуды үрдіске айналдырған. Тұрмысы төмен, әлжуаз отбасыларға күнделікті тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуді, әрбір жаңа оқу жылы басталар тұста тұрмысы төмен бірнеше отбасыдан шыққан балаларға мектепке қажетті құралдар сатып алып беруді өзінің азаматтық парызы санап келеді. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында болған табиғат апаты кезінде де алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, зардап шеккен ағайынның арасынан табыла білді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген ұстанымды ұстана отырып, әрі бөбектерді балабақшамен қамтамасыз ету жолында Елбасымыздың идеясынан туындаған «Балапан» бағдарламасын қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту жолында Қызылқұм ауылындағы балабақшаның ашылуына демеушілік жасады. Шымкент қаласындағы «Әлди», «Әлди-1», «Аяла», «Нұр-Абзал» балабақшаларына тұрақты демеушілік көрсетті.
Қызылқұм елді мекенінде орналасқан орталық мешітке келушілерді жауын-шашыннан қорғайтын аспалы шатыр орнатып берді. Құрылысқа 2 млн. теңге жұмсалған. Ауылының дамуына үлесін қосқан үшін Н.Ж.Асанов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақ Ұлттық мемлекеттік Заң университетінде 2016 жылы өзі негізін қалаған «Эндаумент» қайырымдылық қоры арқылы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, білімге ынтасы зор бірқатар студенттерді шәкіртақымен қамтыды.
Ел Президентінің “Қазақстан — 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі — “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,“ азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.
Егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын ауыл азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында Асанов Нұркен Жарылқапұлы Қызылқұм ауылына спорттық алаңды сыйға тартты, нысанның құрылысына 14 млн. теңге жұмсалды. Соның аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында салауаттылықты қалыптастыру мақсатында ауылда түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының гүлденуіне атсалысып, қоғамдық, саяси шараларға белсене қатысқаны үшін марапатқа ие болды. Қарқаралы ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің өркендеуіне қосар Н.Ж.Асановтың да үлесі бар. Қаламгерлер «Балалық шақпен қоштасу» атты кітабын басып шығару үшін жазушы Қазбек Қашқабаевқа 4 млн. теңгеге, «Өзендер өрнек салады» атты кітабының жарық көруі мақсатында жазушы Сабырбек Олжабайға 3 млн. теңге демеушілік көрсетті. Бұл кітаптар қазіргі кезде оқырмандардың жүрегіне жол тауып, ыстық ықыласқа бөленген.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Тарихи құндылықтарымызды барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу — бұл, әрине, оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр, — деген сөзі Н.Ж.Асановтың «жас та болса, бас болған» жүрекжарды іскерлігіне бағытталса керек. Өйткені «Еліміздің даму негізі — адами капитал, сондықтан әр азаматқа қолдау көрсетуге тырысамын» дейтін Н.Ж.Асанов, көптеген жеке тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетуде.
2009 жылдан бері «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының өткізген көптеген іс-шараларына белсенді қатысуда. Партияның Саяси Доктринасын талқылау, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясына саяси қолдау көрсету, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларын талқылау барысында қала халқы арасында өзінің алғырлығымын көзге түсе білді. Шымкент қалалық филиалының сапалық құрамына Нұркен Жарылқапұлы Асановтың қосқан үлесі зор.
2011 жылы өткен референдумға қосқан үлесі үшін облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың Алғыс хатымен марапатталған. 2012 жылы және 2016 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласындағы сайлауалды штаб жұмысына белсенді қатысып, штаб мүшелерін толық жиһазбен және жазба құралдарымен қамтамасыз етуге үлесін қосты. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратын жиһаз-жабдықпен қамтамасыз етті. Партия жұмысын арттырып, қоғамға белсенділігін арттырғаны үшін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ө.П.Мелдехановтың «Алғыс хатын» алды. Күні кеше облыс әкімі Ж.Түймебаев «Шапағат» медалімен марапаттады.
Асанов Нұркен Жарылқапұлы қоғамда белсенді, ел арасында беделді, өзіндік орны бар және партия мүшелерінің ортасында ұйымдастыру жұмыстарын белсенді атқарып келеді. Партия тарапынан тапсырылған істерді өз уақытында сапалы орындап келеді. Қоғамдық істерге белсене атсалысып, өз қызметіне жауапкершілікпен қарайды.
Серік Саматұлы

(36)