mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сәуегейлердің 2018 жылға қатысты болжамдары 

Әдетте адамзат баласы алдағы өмірлерінде не болып, не қоятыны туралы аз да болса ақпарат алуды жөн санайды. Ондай ақпараттарды көбінше әлемдік деңгейде есімдері әйгілі болып, айтқандарының бәрі болмаса да көпшілігі өмір шындығына айналып жататын көріпкелдер, сәуегейлер, парапсихологтар, экстрасенстердің болжамына көбірек ден қояды. Төменде сондай бірқатар сәуегейлердің болжамдарын ұсынуды жөн көрдік. Сонымен, атынан ат үркетін француз көріпкелі Мишель Ностарадамус биылғы ит жылы туралы не деген екен, соны оқып көрелік.

Сонау XV ғасырда ғұмыр кешкен әйгілі француз сәуегейі Ностардамус: «2018-жыл – адамзат баласы үшін ең маңызды жыл. Бұл жылы әлемде дүлей табиғат апаттары көбейеді. Жерге алып аспан денесінің соқ­тығысу қаупі туындайды. Италияның оңтүстігендегі Везувий жанартауы атқылап, мыңдаған адамдардың өмірін қияды. АҚШ-тың батыс жағалауларында қуатты жер сілкіністері орын алады, олардың бүкіл Жер шарына әсері тиеді. Жаһандық жылынудан алапат табиғи апаттар туындайды. Экономикалық дағдарыс тереңдей түседі. «Алпауыт байлар бірнеше мәртеден өледі». Екі ірі держава арасында соғыс басталады, ол 27 жылға созылады. Ядролық лаңкестік қатері күшейеді. Әлемге 3-ші Дүниежүзілік соғыс қаупі төнеді. Осы жылдан бастап көп елдерде тууды жоспарлау мемлекеттік деңгейде қолға алынады. Адамдар өмірге бала әкелу үшін арнайы сертификат, рұқсат қағаздарын алуы тиіс болатын заңдар қабылданады. Адамдар жануар тілін түсіне бастайды. Медицина мен фармацевтика бұрын-соң­ды болмаған дәрежеде дамиды. Адамның өмір жасы 200 жасқа дейін ұзаруы басталады. Қазіргі 80 жас­тағы адамдар 50 жастағыдай көрінетін болады. Ұлттық тілдердің, халықтардың кейбірі жоғалады. Әлем халықтары бір тілде сөйлейтін болады. Бүкіл әлем елдері бо­йынша салық жүйесі жойылады»,— деген болжам жасапты.

Ал, атағы Нострадамустан бірде-бір кем емес, ХХ ғасырда өмір сүрген Болгарияның атақты көріпкелі Ванга болса: «2018-жылы әлемнің экономикалық және саяси өмірінде көптеген жаңалықтар орын алады. Жануарлардың гормонынан адамның өмірін ұзартатын, оны сыртқы жағымсыз әсерлерге аса төзімді ететін препарат жасап шығарылады. Жер бетінен биікте, Күн қуатымен сағатына 500 шақырымға дейін жылдамдықта жүретін пойыздар қатынасқа ендіріледі. Мұнай өндіру тоқтатылады, адамзат қуаттың басқа, баламалы түрлерін көптеп пайдалана бастайды. Қытай экономикасы әлемде бірінші орынға шығады. Ол өзге елдерге өзінің еркін таңа бастайды. Бұрын өзге елдердің табанында бол­ған бірқатар мемлекеттер енді өздері сырттан отар иелене бастайды. Ресей есін жиып, империя дәрежесіне жетеді. Сирия­дағы соғыс соңы 3-ші Дүние­жүзілік соғысқа ұласу қаупі күшейе түседі»,— деген екен..

Қазіргі көріпкел-сәуегей­лердің ішінде аты шығып тұрғаны – ресейлік астролог Павел Глобаға да жұртшылық қатты сенеді. Өйткені оның осы уақытқа дейін айтқан болжамдарының 85 пайызы тура келген екен. Осы П.Глоба 2018-жыл туралы болжамдарында: «Әлемдік экономикалық дағдарыс тереңдей түседі, көп елдерде халықтың бас көтерулері орын алады. АҚШ өзінің әлемдік держава статусынан айырылады. Гагаузия, Приднестровье және тағы 4 ел Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Ресейдің күш-қуаты артып, ол НАТО-ның бірден-бір бәсе­келесіне айналады. Украинада төңкерістер орын алады. Оның Ресеймен жақындасуы күшейеді. Ресей, Украина және Белоруссия шығысеуропалық православиелік одақ құрады. Әлемде табиғи апаттар көбейеді. Италияда, Балкан түбегі елдерінде ұзаққа созыл­ған нөсер жауындардан елді мекендерді су алуы, Ресейде орман өрттері көбейеді. Доллар валюта ретінде маңызынан айырылады, евро біраз уақытқа дейін күшейеді. Еуроодақтың ыдырауы басталады. Мұнай бағасы артады, ол Ресей экономикасының күшеюіне жол ашады. Ресейде 2018-жылғы Президент сайлауы аяқтал­ғанша ішкі ахуал біраз нашарлайды. Үлкен қалаларға лаңкестік шабуыл қаупі кү­шейеді. Орман өрттері жиі орын алады. Обыр ауруына қарсы мықты дәрі ойлап шығарылады»,— депті. .Әрине, олардың болжамдарының бәрі де 100 пайыз тура келе бермеуі әбден мүмкін, бірақ, епртеңгі күнге үміт артып, одан жақсылық күтетін дүйім халық үшін осындай сәуегейлердің дуалы аузынан шыққан жүрекке үміт ұялатар жақсы болжамдары дәтке қуат екенін ескерсек, халықтың мұндай болжамдарға сенуіне күле қарауға болмасы анық. Қалай десек те, үміт ұялатар болжамдар орындалып, жамандық туралы айтылған болжамдар сол орындалмаған күйі қалсын деп тілейік.

(37)