mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Астанада 9 мыңнан астам көлік тұрағы ақылы болмақ

Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов: «Осы жылдың 15-і қаңтарынан бастап «Нұржол» желекжолында көлік тұрағын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізудің бірінші жобасы іске қосылады. Аталған аймақта 472 тұрақ орны белгіленіп, жол таңбалары сызылды, ақпарат алу тақталары мен 12 паркомат орнатылды. Диспетчерлік орталық ақылы көлік тұрақтары жүйесінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, қызмет көрсету сапасын бақылайды. Биыл шаһардың Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарының аумағында 9 мыңнан астам көлікке арналған тұрақ құрылады. Бұл орындар ақылы болады. Сынамалы жоба тексеруден өтіп, оның барлық жақсы жақтары мен кемшін тұстары зерттелді. Енді қала әкімдігі автокөлік иелеріне тұрақ ақысын төлеудің баламалы нұсқаларын — паркомат арқылы қолма-қол ақша немесе банк картасымен, SMS жолдау немесе жеке кабинет арқылы, «Касса 24» терминалдары және арнайы мобилдік қосымша көмегімен төлеу мүмкіндіктерін ұсынады. Төлемді бақылау мобилдік сертификаттандырылған фототіркеу кешендері көмегімен жазылып алынған деректер негізінде жүзеге асады. Тұрақ ақысы таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін сағатына 100 теңгені құрайды. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою — тегін. Паркоматтар орналасқан орындар, оларды пайдалану тәртібі және төлем тәсілдері туралы ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады. Толық ақпарат алу үшін жүргізушілердің 8-7172 57 64 81 нөміріне хабарласуына болады. Тұрақ қызметін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Кұміс Алқа» тағынған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ, Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері тегін пайдаланала алады. Мамандардың пікірінше, жаңа жоба көлік магистральдарын жүйесіз тұрақтардан арылтып, тиісінше, көлік қозғалысы көп көшедегі көптелісті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді»,— деген мәлімдеме жасады.

(4)