mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елге төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Менің пікірімше, Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет. Қазіргі таңда бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Зауытты салу бір жылдың жұмысы емес. Жанар-жағармай материалдарына сұраныс артуда. Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 2022 жылы мұнай өнімдерінің импортын өсіру қажет болады. Осы уақытқа дейін төртінші зауытты салып үлгерген жөн. Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға қолданыстағы үш зауыттың қуаты жетпейді. Алдағы жылы жаңа мұнай өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланып отыр. 2019 жылы инвесторларды тарта отырып, аталған зауыттың құрылысын бастау жоспарда бар»,— деп мәлімдеді.  Аталған мәселенің күн тәртібінде тұрғанына біраз жыл болғанымен, ол сөзбұйдаға салынудан аспай, оның шешімі кейінге ысырылумен келеді. Минисмтрдің бұл жолғы мәлімдемесі де сондай бітіп бермейтін «әләуләйлімнің» бірі сияқты көрінеді де тұрады. Айта кетсек, қазіргі таңда елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр, олар Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.

(12)