mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Қарыз алушы мен беруші нені білуі керек?

Кей кездері материалдық тұрғыдан қиналған сәттерімізде жақындарымыздан, достарымыздан қарыз алып жататын кездеріміз болады. Кейде өзіміз де қарыз береміз. Дінімізде қарыз алу мен беру жауапкершілікті талап ететін дүние болып есептеледі. Қарыз алудың да, берудің де өзіндік ережелері мен әдептері бар. Ендеше біле жүріңіз.

Қарыз беруші:
1. Ол ақшаның немесе заттың жаман істерге, яғни ішімдік, құмар ойындары және тағы басқаларына жұмсалатынын біле тұра беруге болмайды.
2. Ақшаңыз бар болса, біреу сізден отбасын асырау үшін, қиын жағдайға тап болғанда сұрап келсе, міндетті түрде беріңіз.
3. Ақшаны пайызға беруге тыйым салынады.
4. Кейін қиындық туындамау үшін куәгерлер болғаны дұрыс. Егер сома қомақты болса, нотариус көмегіне жүгінген артық етпейді.
5. Қарыз берудегі бір ғана мақсат — шын ниетпен сол адамға көмектесу болуы керек.
6. Қарызды кәмелетке толмағанға, балаларға және ақыл-есі кем адамдарға беруге болмайды.

Қарыз алушы:
1. Қарызды тек аса мұқтаж кезде ғана сұраған және ол ақша пайдалы істерге ғана жұмсалуы тиіс.
2. Қарызды қайтаратын күнді білмей тұрып «пәлен күні беремін» деп уәде бермеу керек.
3. Қарызды алғанда оны қайтара алатындай жұмысыңыз немесе басқалай кіріс көзіңіз
болуы тиіс.
4. Қарызды келісілген уақытта, дәл сол соманы бір тиын да кем қылмай қайтару керек.
5. Қарыз алушы көмектескен адамға рахмет ретінде қарызынан бөлек сыйлық жасай алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» деген.
6. Қарыз алып, оны қайтармай қою күнәға жатады. Оның жауабы өте ауыр болмақ.
Кешіктіру зұлымдық жасаған болып есептеледі.

(5)