mm
Халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары. «Әлеуметтік сын», «Жанайқай» бөлімдерінің редакторы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. ҚР «Ақпарат саласының үздігі» (медаль), ҚР Мәдениет министрлігінің грамоталарымен мараппатталған.

Жарықтың қараңғысы бола ма?..

Жақында редакциямызға Алматыдағы «Энергия аудиті және сараптама бойынша сараптамалық ұйымдардың Ассоциациясының» (ары қарай – Ассоциация) президенті Атинов Жаркеш Әуезұлының атынан  «Алматы Жарық Компаниясының» («АЖК») үстінен жазылған шағын ғана арыз келіп түсті. Арыздың қысқаша мазмұны мынадай:

Салмағы ауыр, аумағы кең шағын шағым

Алматы қаласы және Алматы облысы өңірінде электр энергиясын жеткізу және тарату қызметімен айналысатын, монополиялық ұйымдар тізіміндегі «АЖК» АҚ-ы өздеріне электр қондырғыларын тікелей жалғағысы келетін жеке тұлға ретіндегі тұтынушыларының қолына тексерту АКТ-ін ұстатады. Бірақ бұл нұсқауды кім беретіні белгісіз. Ал «АЖК» қуаты 1000 вольттан асатын қосалқы станциялар мен әуе және кабельдік, т.б, электроқондырғыларды орнатқылары келетіндерді «MELLON» ЖШС-мен немесе осы қызметтерді атқару лицензиясы бар өзге мекемелермен келісім шарт жасасуға міндеттейді. (Осы орайда ескерте кететін жайт: «АЖК» мен «MELLON» ЖШС-і арасында өз ара біріге қызмет көрсету турасында консорциум бар-мыс). Сонымен, «АЖК» берген АКТ-те егер тұтынушы бұл талапты орындамаса, монополист тұтынушыны сыртқы электр қуатымен жабдықтау желісінен ажыратып тастайтыны көрсетіледі және бұл талап «АЖК» қызметкерлерінің тарапынан ауызша да ескертіледі. Осы орайда, сіздердің көңілдеріңізді мынадай фактке аударғым келеді: Электр энергиясын тұтынушылар электр қуат көзін алу үшін, энергиямен жабдықтаушы мекемелермен арнайы келісім шарт жасайды және тұтынылған электроэнергияны белгіленген тариф бойынша төлейді. (тарифке 1квт/с. үшін ол куат беруші компанияға да төлейді және тұтынушыға электро қондырғыны орнату кезінде тиесілі баланстық шектеу мен тараптардың эксплуатациялық актісі бойынша, тұтынушы мен электр энергиясын беретін ұйым арасындағы жауапкершілік бөлінген).
ҚР Энергетика министрінің 30 наурыз 2015 жылғы №246 Бұйрығымен бекітілген электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау ережесіне қатысты бұйрықтың 3 тармағында бұйрықты қадағалау ҚР Энергетика министрлігінің Вице-министріне жүктелген.
Негізгі сұрағым мынадай: Монополист «АЖК» АҚ-ның тұтынушылардың үстінен бақылау-қадағалау әрекеттерін жасауға құқығы бар ма?

Энергия аудиті және сараптама бойынша сараптамалық ұйымдар Ассоциациясының»
президенті Атинов Жаркеш Әуезұлы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі (әрі қарай – Департамент) Сіздің 2017 жылғы 30 қазандағы шығ. №04435 хатыңызда көрсетілген мәселелерді қарастырып, келесіні мәлімдейді:

1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 «Электр энергетикасы туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1 бабының 48 тармақшасына сәйкес «Алатау ЖарықКомпаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) шарттар негізінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін энергия беруші ұйым болып табылады.
Сондай-ақ, Заңның 1 бабының 22 тармақшасына сәйкес «АЖК» АҚ-энергия өндіруші ұйыммен және (немесе) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар болуына, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10 (6), 0,4 киловольт) кем емес электр берудің кабельдік немесе әуе желілерін иеленуіне, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдалануына және кемінде 10 000 қосылған тұтынушысы бар болуына байланысты өңірлік электр желілік компания болып есептеледі (бұдан әрі – ӨЭК).
2. Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, тұтынушылардың Қазақстан Республика-сының аумағында электр энергиясын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.
Қағидалардың 13 тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.
Қағидалардың 50 тармағына сәйкес электр энергиясын беру, сондай-ақ беруді тоқтату (шектеу) тұтынушымен жасалған электрмен жабдықтау шартының негізінде жүзеге асырылады.
Қағидалардың 15 тармағына сәйкес тұты-нушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
3. «АЖК» АҚ энергия беруші ұйым болуына байланысты, яғни ӨЭК, Заңның өңірлік электр желілік компанияларға қатысты барлық тармақтары «АЖК» АҚ-да тиісті. Осы Заң электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
4. Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне тұтынушылардың электр қондырғыла-рын қосуды Қағидалардың 3 параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
5. Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттардың барлық тәртіптері Қағидалардың 2 параграфында көрсетілген.
Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда Қағидалардың 18 тармағына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді.
Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тарт-қан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтык заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.
ТШ – аббревиатурасы «техникалық шарттар» дегенді білдіреді. Техникалык шарттар – электр желілеріне қосылуды орындау үшін қажетті техникалық талаптар;
6. «АЖК» АҚ коммерциялық ұйым болып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншік нысаны «жеке» болып табылады, жалғыз акционері — «Самұрық-Энерго» АҚ. Мемлекеттің қатысу үлесін орнату үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жүгінуіңіз қажет.
7. Департаментте «MELLON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттар жоқ.
8. «АЖК» АҚ мен «MELLON» ЖШС арасындагы консорциум құрудың заңдылығын айқындау Департаменттің құзыретіне кірмейді.
9. Заңның 6 бабының 2 тармағына сәйкес Департамент коммерциялык қаржылық мәселелерді қарауды бақылауды жүзеге асырмайды.
Басшы М. Үлеков

Осылайша, өзі шағын болғанмен, аумағы да, салмағы да ауыр шағымды көтеріп, электро-энергияға қатысы барын білетін қасымызда тұрған «АлматыЭнергоЭкспертиза» компаниясына бас сұқтық. Бір қызығы аталмыш компания да жоғарыдағы арыз берген Ассоциацияның құрамына кіретін отыздан аса компанияның бірі екен. Бізге компания басшысының өзімен тілдесудің сәті түсті.

Мұхаметқали Сұраншиев, «АлматыЭнергоЭкспертиза» ЖШС директоры:
«АЖК» ма, аждаһа ма?

— Мұхаметқали аға, Ассоциацияның арызында айтылған дәйектер сізге таныс па? «АЖК» АҚ жайлы не айтасыз?
— Иә, «АЖК»-ға Алматы қаласы мен Алматы облысының біраз аудандары қарайды. Аталмыш проблемамен біз де және біз сияқты компаниялардың бәрі де ұшырасып отырмыз. Мәселен, біз жоба жасаймыз. Архитектура жобамен келісім туралы мөр басылған хатын береді. Бірақ, электроқондырғыларды қосуға келгенде, «АЖК» штамп басқызыңдар деп, хатты қабылдамайды. Негізінде олар қондырғыларды қосу нүктесіне және көшіруге (переход) ғана рұқсат берулері тиіс. Мысалы, электр көзін қай бағаннан алу керек және линияның үстінен немесе астынан өткізу керектігін, электр сымдарының ара қашықтығын көрсетіп, соған ғана келісім шарт жасауы керк. Ал «АЖК» өз құзырына кірмейтін жобаны талқылап, қарапайым халықтың басын қатырады.
— Электр қондырғыларын орнату, қабылдау, іске қосу деген оңай шаруа емес. Ал «АЖК» бүгінде линияларды қабылдап жатыр. Шынын айтсам, істеген істері шала әрі адам өміріне өте қауіпті. Мәселен, жобаны қабылдар алдында әрбір электро бағанның, электр сымының, т.б, сертификаттары болуы керек. Олар жел соқса құлап қалмайтындай, орнықты, траверстері майыспайтын нық, жерге тұйықтауы (заземление) дұрыс, техникалық өлшемі сай болуына, электр сымдарының арасы жақын немесе айқыш-ұйқыш болмауына аса мән берулері керек. Бұл дегеніміз, қауіпсіздік шаралары нашар деген сөз. Бүгінде өртеніп жатқан нысандар, үйлер аз емес. Егер өрт электр сымдарынан болып жатса, яғни ол жерде дұрыс жұмыс атқарылмағандығын білдіреді. Электро сымдар дұрыс жалғанбайды, кабелдер қызады, скрутка жасалмайды. Мұндайдың соңы адам өліміне де әкелуі мүмкін. Құдай сақтасын, әсіресе, мектептер мен балабақшаларда байқау керек. Осы жұмыстарын қадағалаудың орнына бүгінде «АЖК» электросеттер атқаратын, тұтынушылардан тапсырыстар «қабылдау» қызметіне көшіп кеткен. «Мынау болады, мынау болмайды, болмаса өшіремін, кесемін» дейтін құқықты оларға кім беріп отыр? Ондай құқық қай заңда жазылған?
Электро-энергетика саласына қатысты бір ғана заң және бір ғана ереже бар. Онда техникалық талаптар тәртібі, кімдер және қалай жүзеге асыратыны талданып тұрып жазылған. Ал «АЖК» заңды белден басып, талап етілетін 5 пункттің орнына 15-20 пунктті тықпалап, халықты қинап отыр. «АЖК» емес, аждаһа сияқты.
— Ал енді осы жерде жоғарыдағы арызда көрсетілген «MELLON» ЖШС жайына ойысайықшы.
— Қазіргі кезде «АЖК» өз ішінен «MELLON» деген ЖШС ашып алған. Сірә, жоғарыда отырған бір шенеуніктікі болуы керек. Өкініштісі сол, қарапайым халықты «MELLON»-ға баруға, ақшаны сонда төлеуге мәжбүрлеп отыр. Болмаса, «MELLON» деген аты ғана, ал жұмысының бәрін «АЖК» атқарады. Өйткені, «өтірік «MELLON»-да өз мамандары жоқ. Тіпті, өз кеңселерінің ішінен орын беріп, отырғызып та қойған. Оны басқаларға «арамызда консорциум бар. Тендерге қатысқан» деп жалған ақталады. Тендерге қатысса өзге компаниялар неге хабарсыз? Тендер хабарландыру беріліп, бірнеше компанияның қатысуымен өтетін шара ғой.
Ал шындығында «MELLON»-ның эксплуатациямен айналысатын электротехникалық зертханасы, сараптама жасайтын құжаты, жоба жасауға рұқсаты, тіпті жұмысты атқаратын кадрлары да жоқ. Сөйте тұра, «АЖК» өзіне қарасты әрбір аймақта «MELLON»-нан деп бір-бір адамын отырғызып қойған. Тапсырыстың бәрін соған қарай бағыттайды. Егер «АЖК» әділ болса, тұтынушыларға барлық энерго компаниялардың тізімін ұсынып немесе әр компаниядан бір-бір адамнан бір бөлмесіне отырғызып қойып, еркін таңдау жасауға мүмкіндік берер еді. Осы болып жатқан келеңсіздіктер ҚР Энергетика министрлігінің 08.12.2016 жылғы №521бұйрығымен ППЭЭ-нің 22-ші пунктін алынып тасталғандығының салдары. Бұл бұйрық 09.07.2004жылғы №588 «ҚР Электроэнергетика туралы Заңының 1 бабының 47 пунктіне қарама қайшылық тудырады. Мұны тиісті құзырлы органдар тексеріп, тәртіп орнататын кез жетті.

— Осылай деген компания басшысы «АЖК» жұмысына қатысты өздері көзбен көрген біраз мағлұматтар мен суреттерді және Электро-энергетика туралы ережелерді қолыма ұстата берді. Ендігі сөз «АЖК» мен арнайы органдарда.

Ескерту: Осы орайда, ҚР Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы аумақтық департаменті мемлекеттік мекемесі-нің басшысы Е.С.Нұркеримов мырзадан келген жауапхат та әрбір әрпіне дейін облыстан келген хатпен бірдей екенін ескерте кетейік.

АЖК-ның жауабы

Сіздің «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на 2017 жылдың 16 қараша күнгі №8848 кіріс хатыңызға сәйкес төмендегідей жауап береміз.
Бас инженердің орынбасары
К.Сахарханов.
1. ҚР «Электр энергетика туралы» Заңына сәйкес, электр энергетика саласында «АЖК» АҚ-ның алдында қандай міндеттер қойылады?
— ҚР «Электр энергетика туралы» Заңына сай, «АЖК» АҚ өз меншігінде электр энергиясын жеткізуге арналған қосалқы станциялары, бөлу құрылғылары және оларды электр жеткізу желілерімен қосатын тораптары бар энергия жеткізуші ұйым болып табылады.Ұсынылып отырған Заңының 12 бабы 2 тармағында энергия жеткізуші ұйымның келесі міндеттері қарастырылады:
1) жүйелiк операторға Қазақстан Республи-касының бiртұтас электр энергетикалық жүйе-сiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты және электр станциялары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiнде нақты ақпаратты (өндiру, шиналардан босату, өз мұқтаждары, шиналардан электр энергиясын босатуға үлестiк шығыстар) беруге;
2) жүйелiк оператордың коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуіне рұқсат беруге;
3) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
4) жасалған шарттар негiзiнде Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi стандартты жиiлiктi реттеуді және ұстап тұруды жүйелiк оператормен бiрлесе отырып жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерінiң және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режімдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;
6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
7) туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы олардың сыныптамасына сәйкес және энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республика-сының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын-да белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірлік паспортын алуға міндетті.
ҚР «Электр энергетика туралы» Заңының 13-1 бабы 6 тармағында электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын, соған кіретін келесі талаптарды қарастырады:
1) диспетчерлік технологиялық басқарудың;
2) электр желілерін, жабдықты, тетіктерді пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етілген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердің;
3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүйелік қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың;
4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйе-лерінің, телекоммуникация жүйелерінің болуын қамтитын талаптарға сай келуге тиіс.
2. «АЖК» АҚ-ның қабылдау, ажырату, жобаларды келісу бойынша іс-әрекеттері заңды болып табылады ма?
— Қазақстан Республикасының энергетика Министрінің 25.02.2015ж. №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 15 тармағына сәйкес, тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:
• қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларына – 3 жұмыс күнінің ішінде;
• қуаты 200 кВт — 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына — 7 жұмыс күнінің ішінде;
• қуаты 1000 кВт жоғары электр қондыр-ғыларына — 12 жұмыс күнінің ішінде.
Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса тұтынушыға пысықтау үшін қайтарады.
3. ҚР «Электр энергетика туралы» Заңына сай, «АЖК» АҚ-ның міндеттері қанша тармақтардан тұрады? Осыларды нақтырақ атап кетсеңіз және АЖК осы тармақтарға қосымша басқа тармақтарды қосуға құқығы бар ма?
— ҚР «Электр энергетика туралы» Заңында бар «АЖК» АҚ-ның міндеттері бірінші сауалдың жауабында көрсетілген. Сонымен бірге ҚР «Электр энергетика туралы» Заңының 2 бабына сай, электр энергиясын жеткізу және тұтыну, өндіру барысында пайда болатын қарым-қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Осыған орай, «АЖК» АҚ ҚР «Электр энергетика туралы» Заңында баяндалған барлық ережелерді, сондай-ақ барлық нормативтік құқықтық актілерді орындауға құқылы ғана емес, міндетті.
4. ЖШС жеке меншігіндегі электр құрылғыларын монтаждау аяқталғаннан кейін және жеке тұлғалардың электр құрылғыларын қабылдау кезінде қандай заңнаманың негіздемесі бойынша «АЖК» АҚ тексеріс жүргізіп, ескерту айта алады?
— ҚР «Электр энергетика туралы» Заңының 14 бабы 6 тармағына сәйкес, энергия берушi ұйымның энергия өндiрушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелерiне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте ҚР «Электр энергетика туралы» Заңының 9-2 бабының 1 және 2 тармағымен қарастырылған, электр желiлерiн жобалау және пайдалану кезiнде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгiленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етiлуге тиiс.Электр энергиясын беруге және тұтынуға арналған жылу желiлерiнiң жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгiленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиiс. Заңның 9-3 бабының 3 тармағы сондай-ақ мына нормалар бар, техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестiгi расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
Мазмұндалғандарға байланысты және ҚР энергетика Министрінің 25.02.2015ж. №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 21 тармағының талаптарын ескере, тұтынушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін «АЖК» АҚ энергия беруші ұйым ретінде электр қондырғыларын үнемі пайдалану үшін өзінің электр желілеріне қосады. «АЖК» АҚ-ның қауіпсіздік және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша көрсетілген міндеттері мен Ережелердің 27 тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте тұтынушылардың электр қондырғыларында құрастырудағы кемшіліктер, берілген техникалық шарттардан, жобалық құжаттамадан және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан ауытқу, электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғаның, электр қондырғылары пайдалануға берілмейді.
5. Жеке тұлғаға техникалық шартты 6 ай ішінде 3 рет өзгертуіне АЖК-ның рұқсаты бар ма?
— Өтінімдерді беру және техникалық шарттарды алу рәсімі ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген, Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен (бұдан әрі –Қағида) реттеледі.
Қағидалардың 12-тармағында сыртқы электрмен жабдықтау сызбасы өзгерген жағдайда тұтынушылардың өтінімдерді беруі қарастырылған (3-т-ша).Сонымен қатар қосымша мәлімет береміз, Қағидаларда берілетін өтінімдер санын, сәйкесінше техникалық шарттар бойынша сыртқы электрмен жабдықтау сызбасын өзгерту санын шектеу қарастырылмаған. Хатта баяндалған фактілер бойынша техникалық шарттарды өзгерту – электр тораптардың техникалық мүмкіндігін және олар өту үшін инженерлік дәліздердің болуын ескере отырып, тұтынушылар өтінімдері негізінде жүргізілген болатын.
Құрылыс аумағынан ғимарат аумағының шетіне шығару қажеттілігі туралы тармақты техникалық шарттарға қосу – Электр және жылу тораптарын қорғау, электр және жылу тораптарының қорғалатын аумақтарында жұмыстарды жүргізу қағидаларының (ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №231 бұйрық) талаптарына сәйкес, электр тораптарының қорғалатын аумақтарын сақтау қажеттілігімен негізделген. Атап айтқанда Электр тораптарын қорғау қағидаларының 23-т, 28-т. сәйкес былай деп анықталған:
23. Электр желілерін қорғау аймақтарында қарауында осы желілер бар ұйымның жазбаша келісімінсіз: … 2) кез-келген ғимаратты және құрылысты салу, күрделі жөндеу жұмыстарын, қалпына келтіру немесе бұзуды жүргізуге тыйым салынады.
28. Электр желiлерiн қайта құру немесе оларды зақымданудан қорғау қажеттiлiгiн тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен қарауында электр желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша желілерді қайта құру және қорғау бойынша жұмыстарды орындайды.
6. «АЖК» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның» құрамына, «Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның» құрамына кіреді, ал «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚмемлекет меншігінде болып табылады. Осы жағдайда «АЖК» АҚ мемлекеттік кәсіпорын болып саналады ма?
— ҚР Азаматтық Кодексінің 102 бабы бойынша, мемлекеттiк кәсiпорындарға шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген және оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады. Осыған орай, «АЖК» АҚ мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтынын хабарлаймыз.
7. Жоғарыда арыз иелері айтып өткен «MELLON» ЖШС сіздерге бұрыннан мәлім бе еді?

8. «АЖК»-ның «MELLON» ЖШС-менарадаконсорциум құруы заңды ма? Арызда айтылған пікірлерге алып, қосарларыңыз бар ма?

9. «MELLON» ЖШС «АЖК»-ның кеңсесінде отырғаны үшін жалдық ақы төлей ме?
— Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу қарапайымдылығы бойынша рейтингте бірінші орындарда тұратын елдердегі қосылу процестерінің тәжірибесін зерттей отырып, тұтынушылар үшін неғұрлым қолайлы және ыңғайлы жұмыс кестесі, жобалау, электр тарату желілерін құру, барлық қажетті құжаттарды дайындау және тұтынушының есептегішін қосу бойынша барлық іс-шараларды энергия таратушы ұйыммен тікелей қамтамасыз ету екендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, қосу үшін техникалық шарттарды тікелей беру өте аз уақытты қажет ететінін және тұтынушылар үшін өте жеңіл болатынын да атап көрсетуіміз керек. Техникалық шарттарды тұтынушы жеке орындау процесінде немесе бөтен ұйымдарды жұмысқа тартуы кезінде қиындықтар туындауы мүмкін (сыртқы электрмен жабдықтау жобасын дайындау, оны келісу және қосу үшін рұқсат алу).
Осыған байланысты, қосу жеңілдігі бойынша көшбасшылар мысалында, энергия таратушы ұйымдардың тораптарына тұтынушыларды «бір терезе» жүйесі бойынша қосу тәртібі неғұрлым тиімді болатын еді, бұл әдіс тұтынушылар үшін келісулерді анағұрлым азайта түсуге мүмкіндік ашады.
Алайда, тораптар мен жабдықтарды құру үшін құрылыс-жинау жұмыстарын жүргізетін қажетті лицензияның, сондай-ақ тиісті қосымша жұмыскерлер штатының «АЖК» АҚ болмауын есепке ала отырып, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу индикаторын жақсарту бойынша бірлескен қызмет атқару, сондай-ақ осы мақсатта Алматы қаласы мен Алматы облысында қажетті жұмыстарды жобалау және іске асыру үшін, конкурстық негізде мамандандырылған ұйымды тарту қажет болды. Осы аталған қызмет шеңберінде энергия таратушы ұйымның тораптарына ең қысқа мерзімде қосылуға мүмкіндік беретін жұмыстар тұтынушыларға ұсынылады.
Қазіргі уақытта табиғи монополияларды реттеу жөніндегі өкілетті органмен басқа да қызметтерді орындау туралы «АЖК» АҚ өтініші келісілген: кеңестік-техникалық қызметтер көрсету. Аталған қызмет түрі лицензиясы бар және қосылу тәртібі қарапайым ұйыммен бірлескен қызметті (консорциум) орындау үшін өте қажет.
Осыған байланысты, бірлескен қызмет туралы шарт тараптарын белгілеу үшін, жобалау және құрастыру мен жинау жұмыстарына лицензиясы бар консорциумның тәжірибелі және біліктілігі жоғары қатысушысын таңдау мақсатында ашық конкурс өткізілді. «Огни Алатау» газетінде хабарланған конкурс қорытындылары бойынша,10.11.2016 жылғы №1 хаттамамен, «Mellon» ЖШС жеңімпаз деп танылды. 23.11.2016 жылғы № 2016/0325У Шартының мәні – жалпы бірлескен мақсатқа жету үшін күштерді біріктіру – энергиямен жабдықтау жүйесіне қосылуды жеңілдету.Аталған ұйым, өтінім жасаушы тұтынушыларға шарт бойынша жобалау және құрастыру бойынша жұмыстарды іске асырады, электрмен қамтамасыз ету үшін,тікелей қосылу үшін барлық қажетті құжаттарын дайындайды, ал «АЖК» АҚ тұтынушылардың қажетті құжаттарын әзірлейді және кеңес береді.Қонсорциум қызметі барысында тұтынушыны өте қысқа мерзімде қосу және «АЖК» АҚ табыс табуы бірлескен жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Қаралып отырған қызмет нарығы бәсекелестік нарығына жатады және қандай да бір негіз бойынша оны шектеу бәсекелестікті шектеу болып саналады және ҚР Кәсіпкерлік кодексін бұзу деп есептеледі (8 бап 1 тармақ бәсекелестікті шектеу немесе тоқтатуға бағытталған қызмет, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне шек қою, алақолды бәсекелестікке тыйым салынады).Тұтынушы қосылып отырған торапқа ұйым тұтынушыларының қосылуы бойынша қызметтерді орындау мүмкіндігі туралы тыйым салатын нормалар заңнамада белгіленбеген. Осыған байланысты, «АЖК» АҚ жобалау және құрау-жинау техникалық шарттарын орындауға құқылы кәсіпкерлік қызмет субъектін таңдауда тұтынушылар құқығын шектемейді, басқа ұйым орындаған монтаждау жұмыстары жүргізілген нысандарды іске қосуға кедергі жасамайды.
«Mellon» ЖШС техникалық шарттар-дайындауға немесе оларды беруге байланысты ешқандай әрекеттер жүргізбейді. Аталған жұмыстарды «АЖК» АҚ заңнамаға сәйкес жеке іске асырады және оны үшінші тұлғаға жүктей алмайды. Құжаттарды дайындау кезінде және техникалық шарттарды алған соң тұтынушыларға кеңес беру мен бұдан кейінгі кезеңдерде жобалау және құрастыру шарттарын жасау үшін болашақ тұтынушыларды тарту қызметі тегін көрсетіледі. Нарық бәсеклестікке жататынын ескере отырып, тұтынушылар техникалық шарттарды алғаннан соң консорциуммен шарт жасасуға міндетті емес және тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда олар басқа жолдарды іздейді.
Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін «АЖК» АҚ фойесінде, тұтынушыларға кеңес беру және қызмет көрсету мақсатында Консорциум қызметкерлерін («АЖК» АҚ және «Mellon» ЖШС) орналастыру үшін 5 шаршы метр орын бөлінген.
Өкілетті орган тарапынан мемлекеттік реттеудің болмауы және тиісінде неғұрлым икемді баға саясатының болмауынан басқа, Консорциум қатысушысы маңызды жеңілдікке де ие – «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу ережелеріне сәйкес тауарлар мен жабдықтар сатып алу қажеттілігінің жоқтығы. «АЖК» АҚ қаралып отырған шараларды іске асыру кезінде қажетті материалдарды аталған сатып алу ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға міндетті, ол мерзімнің ұзаруына және тиісінше индекстердің төмендеуіне алып келеді. Сатып алу ережелеріне сәйкес сатып алу жосықтары бірнеше кезеңнен тұрады:
1) сатып алу бюджетін анықтау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ тәртібімен бекітілген тапсырыс берілген тауарларға маркетинг зерттеу жүргізу;
2) тауарлар позициясын бұйрықпен бекітілген жылдық сатып алу жоспарына, өзгеріс енгізу арқылы кіргізу;
3) тендер тәсілімен сатып алу жағдайында тендерлік құжаттаманы талқылау жосықтарын өткізу;
4) жеткізіп берушіні белгілеу жосықтары;
5) шарт жасасу;
6) тауарды жеткізу.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сатып алудың барлық жосықтары 45-тен 80 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімді құрайды.
05.05.2015 жылғы «Табиғи монополиялар туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, табиғи монополиялар субъектілерінен (әрі қарай – ТМС) 01.01.2017 жылдан бастап қызмет көрсету және басқа да қызмет түрлерін (әрі қарай – БҚТ) көрсету бойынша шектеулер алынып тасталған.
Мұндай жағдайда, реттеу қызметтерін көрсететін ТМС Заңмен белгіленген шектеулер шеңберінде, тарифке кіргізілетін шығындарды реттеуді, шығындар бабын шектеуді, тарифке кіргізілетін табыстарды шектеуді қарастыратын ерекше тәртіп қолданылады. Реттелетін қызметтерге бекітілетін тарифке тек реттеу қызметіне тікелей жататын шығындар, табыстар мен кірістер ғана кіреді.
Ұсынылып отырған қызмет Компанияның негізгі реттеуші қызметіне кірмейді және оның іске асыру шығындары тарифте көрсетілуі мүмкін емес, және қызмет нәтижесінде алынған табыстар есебінен толтырылуы тиіс.
Заңға сәйкес, реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті іске асыру барысында, табиғи монополия субъекті төмендегі шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
1) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті іске асыру барысында алынған табыстар оны іске асыруға қажетті шығындарды жабуы тиіс;
2) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті іске асыру тиісті қызмет нарығындағы (тауарлар, жұмыстар) бәсекелестіктік шектелуіне алып келмеуі тиіс;
3) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті іске асыру реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) жасап шығару және ұсынуға қажетті негізгі және қаржылық құралдарынан ауытқуға алып келмеуі тиіс, ол табиғи монополия субъектінің реттелетін қызметтері (тауарлар, жұмыстар) көлемі мен сапасының төмендеуіне алып келеді.
Мазмұндалғандарға байланысты, «АЖК» АҚ азаматтық заңнама шеңберінде, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және қаралған шектеулерді есепке алып табиғи монополиялар заңнамасына сәйкес бірлескен қызметті жүзеге асырады.

 

(30)