mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Заңға пысқырмайтын ауыл әкімін кім ауыздықтайды?

ОҚО-ның Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы ауылының тұрғыны Асқар Қойлыбаев: «Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаев аяғымды күрекпен ұрып сындырды. Қазір бізді келіп қорқытуын тоқтатар емес. Шенеунікке ешқандай заң жоқ па?»— деп, көпшіліктен араша сұрапты. Бұл жәйтті хабарлаған өңірдегі NUR.KZ тілшісінің айтуынша, кісі қолынан соққыға жығылып, аяғы сынып, төсектен тұра алмай жатқан Асқар Қойлыбаевпен болған  оқиға 5 қараша күні орын алған. Ол сол күні кешкісін ескі үйіне барып, қалып қойған ұсақ-түйек заттарын алмақшы болыпты. Бұл жайлы жәбірленушінің өзі: «Үйге келіп едім, Жартыбаев Келестің қарындасы: «Бұл үйді маған Келес әперген, ештеңе бермеймін»,— деді. Мен: «Онда Келесті шақырыңыз»,— дедім. Келес келді де, әй-шайға қарамастан: «Сен кімсің күшік»,— деп балағаттап, оң жақ қабағымнан ұрды. Баласы келіп, артымнан ұстады.Мен жұлқынғанда, сабы қысқа үшкір күрекпен аяғымнан ұрды. Сол кезде порт деген дыбыс естілді. Баласы мені артқа қарай лақтырып, күйеу баласы тепкінің астына алды. Сосын Келес: «Көшеге шығарып тастаңдар мына иттің баласын»,— деп балағаттап, күйеу баласы мені баласы мені тағы да тепкілеп, ақыры көшеге сүйреп шығарып тастады»,— дейді. Соққыға жығылған Асқар Қойлыбаевтың қарындасы Айнұр Қойлыбаева: «Енді ағам екі жылдай жүре алмайды. Қазір қан қысымы түспей жатыр. Қазіргі таңда олар бізге доқ көрсетуде. Бізді қорқытады. «Экспертизаны сатып аламыз» дейді. Көршісін жібереді. Куәгер болған қария кісіге баласы келіп: «Сен неге свидетель боласың?»— деп, ұруға дейін барыпты. Ауылдың участковойы соның туысы болып келеді. Сол свидетельдерге: «Сендердің жағдайларыңды Жақсыбаев Келес жасап береді»,— деген агитация жүргізіп жатыр»,— деп ашынады. Бұған дейін «Оңтүстік Қазақстанда әкім ауылдасын соққыға жықты» деп айыпталып жатқаны жөнінде ақпарат тараған. Екі рет облыстық мәслихаттың депутаты болған ауыл әкімі Келесбек Жартыбаев бұл жайтты жала деп, кінәсін мойындамаған. Іс сонымен «тәмамдалса» керек. Шарасы таусылған ауыл азаматы енді, міне, бейнетаспаға түсірілген деректерді жолдап, жұрттан көмек сұрап отыр. Ал, азаматқа соншама зорлық-зомбылық көрсетіп, тіпті аяғын сындыруға дейін барған,  заңға пысқырмайтын шендіні сонда кім тәубасына келтіріп, соққыға жығылған ауыл азаматының тағдырына араша түспек?

(13)