mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ерлер денсаулығына бюджеттен қаржы бөлінеді

«Академик Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев: «Қазіргі күні ерлер арасында ауру өршіп тұр. Бұрын әйелдер арасында белсіздік белең алса, қазір ерлер арасындағы бедеулік көрсеткіші теңескен. Одан өзге қуық асты безінің қатерлі ісігі де әрбір алтыншы қазақстандықта кездеседі. Сондықтан биылдан бастап алғаш рет ерлер денсаулығына бөлінген қаражатқа емханаларда тегін дәрігерлік қызмет көрсетіле бастайды. Біз — ерлердің денсаулығын Үкімет арқылы, халықтың ақшасы арқылы қарап отырған дүниежүзіндегі бірінші елміз. Сол үшін облыс орталықтарында орталықтар ашып отырмыз. Себебі, 65 пайыз еркектер өзінің денсаулығына қарамайды, уақытылы дәрігерге қаралмайды.  Бұл көрсеикіш бізге көрші Ресейде — 70, Түркияда — 45-50 пайыз шамасында»,— дейді. Мамандардың айтуынша, жағдайды қолға алмаса, бедеулік проблемасы ажырасуды көбейтіп, демографияны кемітіп қана қоймай, елдің экономикалық дамуына да кері әсер етеді.

(12)