mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Футзал: 3 млн. теңге Каспийдің қанжығасында

Almaty Arena мұз сарайында футзалдан студенттер лигасының финалдық кезеңінің ойындары аяқталды. Қарашаның 11-і мен 19-ы аралығында өткен теңбіл доп додасының жеңімпазы — Каспий университетінің студенттері. Олар финалдық ойында Қарағандының экономика университетінің ойыншыларын 6:4 есебімен ұтып, 3 млн. теңге сыйақыға қол жеткізді, ал солтүстіктен келген қонақтар 500 мың теңгеге ие болса, үшінші орын алған IT халықаралық университеті 300 мың теңгемен марапатталды. Олар ЕТУ студенттерімен негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, матчдан кейінгі пенальтиде 3:1 есебімен жеңді. Каспий университетінің ойыншысы Алмаз Ділдәбеков: «Біз осы жеңісті ұзақ күттік. Барлық қарсыластарымыз қиын болды, бірақ бағымызға орай жеңіс бізге бұйырды. Өте қуаныштымыз. Дәл осындай деңгейдегі жарыс бізге жетіспеген еді. Ұйымдастырушыларға көп рақмет. Осындай үлкен аренада өнер көрсету біз үшін мақтаныш. Алдағы уақытта әлем чемпионатының финалында шығамыз деп үміттенемін», — дейді болашаққа сенім артып. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтан басқа диплом, медаль және кубоктармен марапатталды. Оларды құттықтауға Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, ҚР студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов, футзалдан ҰСЛ президенті Дамир Шыныбеков келді.

(5)