mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Алкогольді қайда экспорттаған жөн?

Бұл сауалға Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жауап бергендей болды. Ол осы  отырыста баяндама жасаған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың: «ЕАЭО елдері, Ресей, Беларусьте қазақстандық алкоголь өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулер бар»,— деген деректі алға тартуына орай: «Абылай Исатайұлы, сіз Ресей, Беларуське экспортталатын алкоголь өнімдері туралы айтып тұрсыз. Бұл туралы ұмыту қажет. Олар біздің экспортқа шектеулерді алып тастамайды. Бізде басқа да жолдар бар ғой. Мысалы, Ресей, Беларусьтің өзінде басқа да бағыттар жеткілікті. Олар үшін бізде жақсы өнімдер бар әрі өндірісте дамып жатыр. Бар күшті соған салу қажет»,— деп, баяндамашыға «пайдалы» кеңес берді.

(8)