mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тәжікстан: Барлық радио президент шығармаларын оқиды

Centralasian.org қызметі: «Тәжікстанның телевидение және радиотаратылым жөніндегі комитеті мемлекеттік және жекеменшік радиоларға елбасы Эмомали Рахмонның шығармаларын оқуды міндеттеді»,— деп хабарлайды. Жергілікті билік мұндай шара елдегі әрбір азаматтың патриоттық сезімін арттырады деп есептейді. «Точикистон» мемлекеттік радиосының директоры Фаррух Зиёев: «Мемлекет басшысының кітаптарын оқыту үшін театр әртістерін тарттық. Мұндай шешімге дейін біз екі кітапты оқып, эфирге бердік», — дейді. Өткен жылы Тәжікстанның мемлекеттік телевидениесі тәжік президентінің «Арийлерден сананидтерге дейін» кітабынан үзінді көрсеткен еді. Тәуелсіз телеарна өкілдерінің мәлімдеуінше, оларға патриоттық мәндегі бағдарламаларды эфирге шығаруға тапсырма берілген.

(2)