mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Корей түбегіндегі жағдай бүкіл әлемді мазалап отыр

Астана клубының үшінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұзақ жылдар бойы Таяу Шығыста, Африка елдеріндегі соғыс жалғасуда. Сондай-ақ Ауғанстан, Ирак, Украина, Таулы Қарабахтағы мәселелер өзекті күйінде қалып отыр. Халықаралық шиеленістің өсуі қарулануға сұранысты арттырады. Әскери шығыстардың көлемі де артты. Өткен жылы қарулануға 1,7 млрд тлрн доллар немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 2,2% жұмсалды. Америка Құрама Штаттары әскери шығындарының көлемін 611 млрд долларға, Қытай 215 млрд долларға, Ресей 69 млрд долларға, Индия 56 млрд долларға өсірді. Бұл мемлекеттердің тапқан табысының біраз бөлігін құрайды. Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарды жиі өткізуі Корей түбегіндегі жағдайды ушықтырып отыр. Әскери шығындардың өсуі әлемдік қауіпсіздікке қауіп төндіріп қана қоймай, экономикалық және адами капиталды тиімсіз бағытқа бұру болып саналады. Жаппай қырып-жою қаруын алайық. Корей түбегіндегі болып жатқан жағдай бүкіл әлемді мазалап отыр»,— деп мәлімдеді.

(16)