mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ұлттық ойындар: Түрік әлемінің көне ұлттық ойындары өтті

Әзірбайжанның Гянджа қаласында Түрік әлемі дәстүрлі балалар ойынының төртінші фестивалі өтіп жатыр. Мұндағы 100 қатысушының арасында қазақстандық оқушылар да бар. Олар шараның ашылу салтанатында ұлттық билерімізді билеп, көпшілікті тәнті етті. Жалпы балалар асық, бестас секілді ұлттық ойындар бойынша сынаққа түседі. Айта кеткен жөн, бұл фестиваль алғаш рет Алматыда өткен еді. Одан кейін Астана мен түріктің Эскишехир қаласында ұйымдастырылған. Қазақстандық Лиана Ибрагим: «Қатысушылардың барлығы сондай мейірімді. Бәріміз татумыз. Біз бір-бірімізге туған қаламыз жайлы, достарымыз туралы айтып, ақпарат алмастық», — дейді ризашылығын жасыра алмай. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған спорттық шараны өткізудегі басты мақсат — көне ұлттық ойындарды дәріптеу, балаларды жалпы түрік мәдениетіне тартып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту. «Юнус Эмре» институтының Бакудегі бөлімшесінің директоры Ибрагим Йылдырым: «Түріктілдес елдердің барлығында бұл ойындар ұқсас келеді. Олар осы күнге дейін жетіп отыр. Алайда жоғары технологиялар заманында ұмыт бола бастады. Сондықтан бұл ойындарды қайта жандандыру үшін балалардың басын қосып, оларды ауызбіршілік пен достыққа шақырып отырмыз», — деп атап өтті.

(281)