mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ел біріншілігі: Алғашқы үштікте — «Астана», «Қайрат», «Ордабасы»

Соңғы демалыс күндері перемьер-лигада өнер көрсететін клубтар биылғы маусымның 33-і тур ойындарын өткізіп, ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде «Астана» — алтын, «Қайрат» — күміс, «Ордабасы» — қола медальды жеңіп алып, алғашқы үштікті түйіндеді. Соңғы турда «Астана» өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдап, қонақтар қақпасына жауапсыз екі доп соқты (Джуниор Кабананга). Бұл жеңіс елордалықтарға осымен қатарынан төртінші рет ел чемпионы атағын жеңіп алуға көмектесті. Астаналық футболшыларды осы толағай табыстарымен құттықтаймыз. Қола жүлдегер Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, қонақтарды 3:2 есебімен тізе бүктіріп, өздерінің қола медальға лайық екендіктерін кезекті рет дәлелдеді. Күміс жүлдегер «Қайрат» та өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, қонақтарынан дәл осындай есеппен басым түсті. Алматылықтар алдағы жылдардағыдай тағы да екінші орынды місе тұтуға мәжбүр болды. Чемпионнан бір ұпай ғана артта қалған «Қайрат» маусым басында ұпайды оңды-солды шашып, соның зардабын, міне, маусым соңында тартты. Бәлкім, бұл алматылықтарға келер маусымда үлкен сабақ болар, кім білсін. «Тараз» бен «Қайсар» арасындағы текетірес қызылордалық команданың жеңісімен аяқталды. Жалғыз доптың авторы — Д.Евстигнеев 57 (0:1). Осы жеңісінің арқасында қызылордалықтар турнир кестесінің алтыншы орнына жайғасты. Керекудің «Ертісі» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, кеншілерді 1:0 есебімен қапы қалдырды. Бұл жеңіс «Ертіске» турнирде төртінші орынды сыйлап қана қоймай, клубтың келер жылы Еурокубок ойындарында өнер көрсетуіне мүмкіндік берді.

(4)