mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жер сілкінісі таң ата сезілді

Алматылықтар қарашаның 16-сы күні таңғы сағат 07.40-та жер асты дүмпулерін сезінді. Қала тұрғындарының айтуынша, үйдегі жиһаздар әрі-бері теңселген. Еуропа сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, осы күні Қырғызстанда сағат 07.42 шамасында магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісі байқалды. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан 142 шақырым жерде болды. Қазақстандық сейсмологтар да жер сілкінісі туралы ақпаратты растады. Аталған мекеменің хабарламасында: «16 қараша күні Астана уақыты бойынша 07.42-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 145 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.  Алматыдағы жер сілкінісі 2 баллды құрады (MSK-64 шкаласы бойынша)»,— делінген.

(7)