Картопты қалай сақтау керек?

Кейде дүкенге қайта-қайта жүгірмеу үшін көп картоп сатып аламыз. Алайда оның бір апта өтпей жатып бүлініп шыға келетіні рас. Ондайда текке қалтаңыз қағылып, өкінетін кездер жиі болады. Сондықтан картопты ұзақ сақтаудың бір құпиясымен бөліссем деймін. Мүмкіндігінше картопты темір шелекте сақтаған жөн. Оның астыңғы жағына кәдімгі сусындардың пластикалық ыдысын салыңыз. Ол 2 литрдікі болған дұрыс. Бас жағын кесіп тастаңыз. Содан соң жұмсақ шыт матаны сулап, суын сығып тастасаңыз да, пластикалық ыдыс ішіне салыңыз. Сөйтіп, оны шелекке, яғни картоп салатын ыдыстың ішіне орналастырыңыз да, үстіне толтырып картопты сала беріңіз. Бұл әдіс картоптың арасынан ылғалды ауа өткізеді, бірақ шірітіп жібермейді. Осындай картоп солып қалмай, бүлінбей ұзағырақ тұрады.
Дариға, Тараз қаласы

(25)