«Бала дауысы — 2017» байқауының ақтық сыны өтті

Биыл өнерлі балалардың басын қосқан «Бала дауысы — 2017» байқауының ақтық сыны 27-29 қазан күндері Алматыдағы «Алматы Арена» кешенінде өтті. Ұйымдастырушылар кішкентай өнерпаздарды үлкен өнерге шыңдау үшін оларға 10 мыңнан астам адам сиятын кешенде өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Алматыға жиналған кішкентай өнерпаздар еліміздің 14 өңірінен келген 18 бала түрлі сындарды артқа тастап, үздік деген атақты жеңіп алу жолында еңбектенбек. Байқауға қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік серік болсын!

(10)