mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Көше саудасына жер телімін алуға асық

Елорда әкімдігінің медиа орталығы: — «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ «Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондар орналастыру» жобасы аясында жер телімін алуға өтініш қабылдауды бастады. Жобаға қатысу үшін өтініштер 2017 жылдың 1-15 қараша аралығында http://www.smart.astana.kz:90 сайтында қабылданады. Сондай-ақ, өтінім беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін, көрсететін қызмет түрлерін, төл құжатының көшірмесін (жеке кәсіпкер, директор), заңды тұлға жарғысының көшірмесін, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат, өтініш берген сәтте берешегі жоқтығы туралы анықтама, әлеуетті қатысушы ЖК немесе ЖШС белгіленген кепілдік жарнаның төлем құжаты туралы банктің белгісі бар анықтама және жеке есептік шоттың бар екендігі туралы анықтама көрсеткені жөн. Өтініш тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады. Конкурс туралы толық ақпаратты «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінен алуға болады. Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 8 үй, 1413-каб. тел. 8(7172) 61 35 54,— деп хабарлайды.

(17)