mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елбасы Д.Ақышевті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады. Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бас қаржыгерге бірқатар нақты тапсырма берді.

(6)