mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Депутат АШМ жұмысын сынға алды

ҚР Парламенті Мәжілісінде депутаттар мен мемлекеттік орган қызметкелерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев қатысып, баяндама оқыды. Осыдан кейін сөз алған халық қалаулысы Жексенбай Дүйсебаев ауыл шаруашылығы вице-министрін сұрақтың астына алып, оның жұмысын қатты сынап: «Біріншіден, бүгін «Жайылымдар туралы» заң жұмыс істемей тұр. Оның себебі, сіздердің жұмысқа деген көзқарастарыңыздың дұрыс еместігінен. Осыған дейін әрбір ауылдық округ жайылым жерлерді қалай пайдаланатыны жөнінде жоспар құратын. Қазір бұл жоспарды ешкім құрып жатқан жоқ. Оны ешкім жергілікті жерлерде түсіндірмеген. Бірде-бір атқарушы орган бұл мәселеге назар аударғысы келіп отырған жоқ. Сондықтан жұмыстарыңыз тоқтап тұр. «Жайылымдар туралы» заң жұмыс істеуі үшін ауыл халқы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында тығыз байланыс болуы қажет. Олар өңірлердегі халыққа аталған заң жобасын түсіндіруі шарт. Қазіргі таңда министрлік осыны жасамай отыр. Себебі, министрліктердің өкілдері: «Біз аталған заң жобасын дайындадық, ережені шығардық, болды. Қалғанын халық өзі істеуі керек»,— дейді. Олай болмайды. Ал ауылда тұрып жатқан халық аталмыш заңның барын да білмейді. Салдарынан «малымызды бағатын жеріміз жоқ» деген сөздер әр жерде жиі айтылып жүр»,— деп, сөзін түйіндеді.

(8)