mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қырғызстан: Жаңа мереке Ресейге неге ұнамай қалды?

Атамбаевтың ұсынған жаңа мерекесі ресейлік тарапқа жақпай қалды. ЛДПР өкілі Игорь Лебедев: «Бұған тек саяси тұрғыдан рұқсат етілген-ді. Себебі Қырғызстанда орыс тілі екінші ұлттық тіл секілді. Алайда қазір қырғыздар Қырғызстанның Ресейге қарсы шыққан күнін ұлттық мереке еткенін көріп отырмыз. Бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа қаяу түсіреді, сол себепті саяси тұрғыдан қырғыздарға жеңілдік берудің қажеттілігі болмай қалды. Біз Қырғызстан азаматтарына Ресейде ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік басқаруына тыйым салуды парламентке ұсынуға ниеттіміз»,— деп мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 14-і шілдесінде Ресейдің мемлекеттік думасы Қырғызстан азаматтарына өз жүргізуші куәлігімен Ресейде жүргізуші болып жұмыс істеуіне рұқсат ететін заңды мақұлдаған болатын. Ал 26-ы қазан күні президент Алмазбек Атамбаев 7-8 қазан күні «Тарих және ата-баба естелігі» күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын.

(7)