mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Үшінші дүниежүзілік соғыс қай күні басталады?

Еsoreiter: «Ғалымдар мен адамдар бағзы замандардан-ақ қайталанып отыратын, бірдей сандардан тұратын күндердің ерекше күшке ие екенін байқаған. Көріпкелдердің болжамына сәйкес, 11.11.2017 жылы адамзат басынан тағы бір сынақты – Үшінші дүниежүзілік соғысты басынан өткермек»,— деп хабарлайды.  Адамзат тарихында көріпкелдердің айтқан болжамдары ылғи да тура келмесе де, көп жағдайда олардың айтқандары шындыққа жанасқан кездері де болған. Мәселен, американдық танымал көріпкелдің бірі  болашақта болатын апаттар мен өзгерістерге болжау жасаған. Соның ішінде, Джорш Буштың билікке келетінін, Жаңа Орлеанның суға кететінін айтқан. Және осы болжамдардың барлығы орындалған. Алайда 2000 жылдардың басында оны есуас, ақымақ, есінен алжасқан деп ойлап, сөзіне ешкім сенбеген. Ал, Үшінші дүниежүзілік соғыс туралы болжамдардың да айтылып жүргеніне біраз болды. АҚШ полициясына 911 нөмірі бойынша көріпкел хабарласып, 11.11.2017 күні апат болатынын жеткізген. Ол өз түсінде денелерін жара мен күйік шалған адамдарды және 11.11.2017  күні жазылған газет қиындысын  көргенін айтқан.

(45)