mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Футбол: «Астана» чемпиондыққа жақындай түсті

ҚР Премьер лигасының 30-турында турнир көшін бастап келе жатқан «Астана» Керекудің «Ертіс» командасын қабылдап, қарсыласын 2:1 есебімен ұтты. Астаналықтардың бұл жеңісі елордалықтарды чемпиондық атаққа біртабан жақындата түсті. Доп авторлары: Родриго Антонио До Нассименто ( «Ертіс»), Муртазаев Роман, Твумаси Патрик («Астана». «Ертістің» сырт алаңдағы бұл жеңілісі Шымкенттің «Ордабасы» командасына тұңғыш рет ел біріншілігінің қола жүлдегері атануға жол ашты. Ал «Оқжетпес» пен «Тараз» арасында өткен кездесуде жеңіс әсіресе алаң иелеріне ауадай қажет-тін. Өйткені олар осыған дейінгі матчтарды сырт алаңда өткізіп, соның бәрінде ащы жеңілістен көз ашпаған болатын. Бұл жолы «оқжетпестіктер» жанкүйерлерінің қызу қолдауының арқасында қонақтардан 2:1 есебінен басым түсті. Гол соққандар: Алаң иелерінен: Федин Максим, Абдулин Ренат; қонақтардан — Мане Малик. «Шахтёр» мен «Қайсар» арасындағы текетірес те дәл осындай есеппен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Гол авторлары: «Шахтерден» — Зошак Стефан, Стоянович Милан; «Қайсардан» — Жаңғылышбай Тоқтар. Бұған дейін 20 қыркүйекте осы 30-тур ойындары есебіне тағы да үш матч өткен болатын. Онда «Қайрат» «Ордабасыны» қабылдап, қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Ал «Ақжайық» өз алаңында 0:1 есебімен «Атырауға» жол берсе, «Ақтөбе» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» 1:0 есебімен тізе бүктірген. Сұрмергендер арасында алғашқы бестікке мыналар кіреді: «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу 22; Жуниор Кабананга — 16; Патрик Твумаси — 12 (екеуі де «Астанадан»), Бауыржан Илламхан — 10 («Қайрат») және Танат Нөмербаев — 9 («Ордабасы»).

(5)