Жеті өлшеп, бір кесейік!

Латын әліпбиін қолданудағы умляут (ноқат) таңбасын пайдаланған соңғы жобасын қолдаймын. Алайда «Жеті өлшеп, бір кес» дегендей, бұл жобаны әлі де жетілдіре түссек деймін. Сонда менің ұсынысым былайша болмақ:
A’ a’ — Ә ә
O’ o’ — Ө ө
N’ n’ — Ң ң
G’ g’ — Ғ ғ
U’ u’ — И и
I’ I’ — Ы ы
Y’ y’ — Ү ү
Y’ y’ — Ұ ұ
1. Бұл жерде u әрпін көзіміз үйреніп қалған У күйінде қалдырып, умляут арқылы өзіне ұқсас түрдегі И-ге айналырсақ, өте дұрыс болады.
2. Өзі Ү-ге ұқсап тұрған Ы деп жүрген Y әрпін Ү деп алсақ, бала да, басқа да жаңылмайды.
3. Ал сол Y-ні умляут арқылы Ұ-ға айналдырсақ, ешкім қателеспес еді.
Ойланайық, ақылға салайық, ағайындар! Бұл менің өзім үшін емес, келешек үшін, жастар үшін жеңіл болсын дегенім. Әрі әдеби де тарихи бай мұрамызды шашпай да төкпей, транскрипциялауға жеңілдік тудырады дегенім.
Абдрахман Асылбек,
ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

(18)