Көз айналасындағы дақтарды картоп кетіреді

Егер де көзіңіздің айналасында қара нүкте бар болса, мынадай емдік тәсілді қолданып көріңіз. Картоптың қабығын аршып, дөңгелектеп кесесіз де, көзіңізге басасыз. Картопты тек көздің айналасына да қоюға болады. Сөйтіп, 20 минут денені босаңсытып жатқан дұрыс. Бұдан бөлек картопты қайнатып, одан езбе дайындайсыз да, сүтпен араластырасыз. Суығаннан кейін жылы күйінде көздің айналасына қойып, 20 минут жатасыз да, салқын сумен жуып тастайсыз.
Көздің айналасындағы қара дақтарды сүзбенің көмегімен де жоюға болады. Сүзбені шанышқымен үккілеп, көздің айналасына қоясыз да, 15-20 минут ұстайсыз. Емдеу шарасынан кейін көздің айналасын ылғал матамен сүрту керек. Егер мұндай дақтар шаршағаннан шығатын болса, оны кетіру оңай. Алайда асқазан ауырғаннан шыққан қара нүктелер болса, алдымен ішкі мүшелерді емдеген дұрыс.

(33)