mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Америкалық азамат Криштиану Роналдудың қайырымдылық қорына 32 мың еуро бөлді

Калифорнияның (АҚШ) тұрғыны мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдумен бірге бір күн өткізу үшін португалиялық футболшы ұйымдастырған қайырымдылық қорына 32 мың еуро бөлді. Америкалық азамат Испания біріншілігіндегі «Реалдың» өз алаңында өткізетін ойынына VIP орыннан екі билет сатып алған. Оған сонымен қатар мадридтік клубтың жаттығуына да келіп, Роналдумен суретке түсіп, жаттығудан кейін онымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беріпті. 2017 жылы португалиялық шабуылшының табысы 93 миллион долларды құрады.  Роналду 2017/18 жылғы жаңа футбол маусымында «Реал» сапында 9 кездесуге қатысып, 11 гол соқты.

(2)