mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ақтөбеге инвесторлар 200 миллиард теңге құймақ

Ақтөбеде «Aktobe Invest – 2017» халықаралық инвестициялық форумы аяқталды. Оған 20 елден келген 400-ден астам адам қатысты. Бас модератор – «Атамекен» ҰКП комитет төрағасы Мұрат Әбенов.  Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев: «ТМД елдерінің арасында тұғыш рет Қазақстанда «ЭКСПО» өтті. 140 мың ақтөбелік биылғы жылдың басты шарасын көріп қайтты. Өңір кәсіпкерлері қазіргі заманның талабына сай құны 128 миллион доллар болатын 20 жобаны таңдап, қазір жүзеге асыруды бастады. Жыл басынан бері өңірде 800 млн. теңгеге инвестиция тартылған. Алайда, мұнымен тоқтап қалуға болмайды»,— десе, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров: «Ақтөбе — инвестор тартудан ел бойынша көш бастап, негізгі капиталда алғашқы орында тұр. Біз ең бастысы инвестициялық климат табуымыз керек. Яғни, инвестицияны «қайдан, қалай, қайда тартамыз» деген сұрақтарға жауап болуы қажет. Барлық механизмі құрылуы тиіс. Елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Қолдау да бар. Қазір 200-ден астам біріккен жоба бар»,— деп атап өтті. Биыл 5-ші рет өткізіліп отырған «Aktobe Invest – 2017» халықаралық инвестициялық форумы аясында құны 200 миллиард теңге болатын 11 меморандумға қол қойылды. Ақтөбе мен Қостанай облыстары аймақаралық ынтымақтастық пен өнеркәсіп кооперациясын бірлесе дамытуға уағдаласты. Сонымен қатар, форум аясында жел генераторын шығаратын зауыт салу, фармацевтикалық өндірістің аумағын кеңейту құрылысы, техникалық селитра мен карбамид, яғни, тыңайтқыш шығару зауытының құрылысын жүргізу келісімі жасалды. Мұнай-газ жабдықтарын шығару кластерін құру, құс фабрикасын, жылыжай, нан комбинатын салу меморандумдарына қол қойылды.

(5)