mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Құс еті мен жұмыртқа экспортталмай қалмаса игі

Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шарипов: «Ауыл шаруашылығы министрлігінің келер жылдан бастап отандық құс еті мен жұмыртқаны Қытайға экспорттаймыз деген жоспары іске аспауы мүмкін. Бұл мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінен де, біздің тарапымыздан да ешбір кедергі жасалып жатқан жоқ. Біз өнімді Қытайға жеткізуге дайынбыз. Бірақ олар: «Біз нарығымызды сіздерге ашамыз, сендер де бізге нарықтарыңды ашыңдар»,— дейді. Мен өзім мал дәрігерімін, Қытай біз үшін жабық. Он жылдай болды, құс тұмауы болғандықтан, олар бізге өнімдерін кіргізе алмайды. Отандық құс өсірушілердің тағы бір проблемасы — мемлекеттік субсидияға қол жеткізе алмай отырғандығы. Жылдық қолдау қаржы 10 миллиард теңгеден асады деп жоспарланған. Алайда қаржыны бөлу жағын аймақтарға берген соң, бұл сома қысқарды»,— дейді.  Бүгінде Қазақстан өндіріліп отырған жұмыртқаның 10-20 пайызын Қытайға жеткізе алады. Биыл оның мөлшері 5 миллиард жұмыртқа көлемінде күтіліп отыр. Алайда кейбір кәсіпкерлер Қытайдың құс еті қауіпті деген пікірмен келіспейді. Нарықты ашу керек деген ойда. Мәселен, СҚО құс фабрикасының директоры Александр Прядко: «Арнайы ветеринарлық, санэпидемиологиялық шаралар бар. Олар құс тұмауынан және өзге де қатерден қорғай алады. Сондықтан осындай жағымсыз жәйттерді болдырмас үшін, саланы дамыту керек. Сонда ғана әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз»,— деген пікірде.

(8)