mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Балықты капрон ау қырып жатыр

Браконьерлер тонналап балық ұрлап қана қоймай, Қытайда шыққан капрон ауды пайдаланып, оған түскен балық босқа қырылуда. Осыны алға тартқан сарапшылар: «Ғалымдардың дерегінше, адам баласы жылына 22 келі балық жеуі керек екен. Өйткені балық етінің құрамында өзге тамақ түрлерінде кездеспейтін дәрумендер мен пайдалы заттар өте көп. Балық өнімдері балалардың өсу қабілетін, сүйегінің жетілуіне пайдалы. Және ойлау қабілетіне де өте пайдалы. Алайда мамандар еліміздегі балықты тұтыну деңгейі қалыпты мөлшердің жартысына да жетпейтінін айтады. Оның басты себебі — өзен-көлдердегі балық қорының азаюы. Соның салдарынан балық бұрынғыдан әлдеқайда сиреген. Өзен-көлдерді жалға алып, балық шаруашылығымен айналысушылар сөзіне қарағанда, балықтың кейбір түрлері күрт азайып кеткен»,— десе,  БҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Қайрат Ыбыраев: «Облыста жыл сайын 409 тонна балық аулауға лимит берілген. Бірақ осыны асыра пайдаланатын кәсіпкерлер бар. Өзенге шабақтарды жеткілікті дәрежеде жібермейді. Балық азығынан да қаржы үнемдейді. Осының кесірінен кейбір суқоймалардағы жағдай мәз емес. Қазір осындай үш-төрт шаруашылық анықталды. Олардың біреуімен келісімшартты бұзып, меншігіндегі тоғанын мемлекетке кері қайтарамыз. Бірақ облыстағы 200-ге тарта өзен-көлдің бәрін бақылап, браконьерден қору мүмкін емес. Себебі қадағалайтын инспектор саны 11 ғана. Мұны жақсы білетін браконьерлер, әрине, айылын жимайды. Жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 170 дерегі анықталып, құралдары тәркіленді. Оның ішінде: 4 жүзу құралы, 5 тонна балық, 38 шаян аулайтын тор, 1185 ау тәркіленген. Балық үшін бәрінен бұрын қытайлық капрон ау өте қауіпті. Бағасы арзан болғасын, ауды қарауға ерінгендер жинамай, тастап кетеді. Ал ауға шырмалған балық босқа қырылады»,— деп отыр.

(10)