Тәрбие отбасынан ғана басталмайды…

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде  2017-2018 оқу жылында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде  «Отбасы — бақыт мекені» атты республикалық апталық бойынша № 19 орта мектебінде  бірнеше жоспарланған іс-шара өтті.

Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты — отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі — бұл үлкендер мен балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.
Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру негізінде мектептегі 1-11 сынып аралығында жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты.
Аталған мерекеге сай тақырыпта психологпен кездесулер, «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы» жайында сөз болып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де қалыс қалмай, мұғалімдермен бірлесе отырып «Отбасымен бірге» атты спорттық ойынды өткізді. Бұл спорттық ойын ата-аналар мен оқушылардың арасын жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.
Бұнымен шектеліп қоймай, оқушылар ұстаздарымен «Айгүл» кинотеатрына барып, «Отбасым — халық байлығы» тақырыбында көрсетілімді тамашалады. Бұндағы жүргізілген іс-шараның негізгі мақсаты отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүріне қоғамның назарын аударумен қатар оқушылар отбасында үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік, өзара көмек көрсету керектігін түсіндіру бағытында іске асырылған болатын.
«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» атты тренинг жүргізілді. Жоғарғы сынып оқушыларының ойын ортаға салу, тілдік шеберліктерін, отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатын негіз ете отырып пікірталас ұйымдастырылды. «Отбасым — асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өткізіп, ашық пікір алмасуға үлкен септігін тигізді.
8 сыныптар арасында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты мейірімділікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, инабаттылыққа, қайырымды болуға және біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақ екенімізді естен шығармайық деген оймен өткізілді. Апталықтың аса жоғары дәрежеде өтуіне өз тарапынан үлес қосып, ата-ана жасөспірімнің өміріне жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндіріп, баланың өмірінде басты рөл атқаратын ата-ана екендігі жөнінде баяндама жасаған инспектор Тапалов Талғатпен де кездесу өтті.
Көп балалы, тұрмысы төмен жанұядағы және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды оқу құралдармен қамтамасыз ету шаралары да қалыс қалмады. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа, игі қадамға жол бастайды деп, барлық сынып жетекшілерімен бірге оқушылар да іс-шараға белсене қатысты.
«Отбасы — бақыт мекені» атты республикалық апталық өз мақсатын басты назарға ала отырып, қоғамда «отбасы» ұғымының маңызын арттыруға барлық мектеп ұжымы болып белсене атсалысты. Бұның бәрі рухани құндылықты жоғары бағалай отырып, «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, ал қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, тәрбие бастауы отбасынан басталатынын айқындағандай.

Ж.С.Сармурзина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ

(27)