Астана ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесі аясында Маңғыстау облысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды

Астана ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесі аясында Маңғыстау облысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
1000-нан астам адам қатысқан шетелдік және отандық туроператорларға және БАҚ өкілдеріне арналған инфотур өтті. Оған 10 елден 20-дан аса ірі компания қатысты. (Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Швейцария, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан).
15 тамыз күні Ақтау қаласында облыстың туризм, энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина салаларындағы кәсіпкерлер мен Хайнань провинциясы өкілдерінің қатысуымен казақ-қытай форумы өтті. Форум аясында Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Хайнань қаласының сауда-саттықты көтермелеу жөніндегі халықаралық комитеті арасында меморандумға қол қойылды.
Ақтауда халықаралық МАРИНС парустық регата сайысы ұйымдастырылып, оған Ресей, Украина, Израиль және Қазақстан елдерінен барлығы 60 команда қатысты.
«Экологиялық теңіз туризмі және Каспий теңізі экологиясының сақталуы — болашақтың кепілі» атты экологиялық халықаралық семинар өтті. Оған депутаттар, экология саласындағы қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері және студенттер қатысты.
ЭКСПО — 2017 көрмесі қарсаңында Nomad Explorer командасының бастамасымен М.Сейсембаевтың басшылығымен «Үстірт құпиясы» атты автоэкспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның басты мақсаты — Қазақстанның ішкі туризмін дамыту. Шараға елімізден ғана емес, шетелдерден (Вьетнам, Польша, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей және т.б.) де барлығы 250-ден астам адам қатысты.

Көрмеге 80 мыңнан астам маңғыстаулық қатысты

10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ЭКСПО — 2017 көрмесіне Маңғыстау облысынан 80 мыңнан астам адам барды.
14 120-сы (17%) — мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері және еріктілер. Олардың ішінде: 1750 бала — жергілікті бюджет қаражатына, 9625 бала — ата-анасының қаражатына барды. Ал облыстағы мекемелер мен мұғалімдер кәсіподағының және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті қолдауы арқасында 4445 адам көрмені тамашалап келді.
63 920 (82%) — облыстың ересек тұрғындары. Оның 1337-і зейнеткерлер мен ардагерлер, 2 345-і мемлекеттік мекеме қызметкерлері, 6 279-ы аймақтық кәсіпорындар қызметкерлері, 53 959-ы өңірдің басқа тұрғындары.
Өңірдегі ірі кәсіпорындар өз қаражаттарына қызметкерлерін халықаралық көрмеге жіберді. Маңғыстау облысындағы мұнай компаниялары: «ӨзенМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз»,«ҚаражанбасМұнай», сондай-ақ осы мекемелерге қызмет көрсететін«АрғымақТранСервис», «ОйлСервисКомпани», «КазГПЗ», «БузачиОперейтинг» серіктестіктерінен бар-лығы 6 279 қызметкер ЭКСПО көрмесіне қатысты.

10 визит орталығы
ашылады

Маңғыстау облысында экологиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндік мол. Облыстың туристік көрнекі жерлері, туристік инфрақұрылым, қоғамдық тамақтану объектілері, сондай-ақ туристік сектордағы барлық қызметтер туралы ақпарат алу үшін визит орталықтарын құру қажет.
— Визит орталықтары арқылы экскурсиялық-көрме орталығын, кәдесый, ұлттық өнімдер дүкені, кафе және санитарлық аймақ болып табылатын бірнеше қызметтер кешенін ұсынуға болады. Маңғыстау облысының әкімдігі әр ауданда және облыс қалаларында 10 визит орталығын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Жолаушылар бекеті

Каспий теңізінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан елдері арасында жолаушылар станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық жобаның аясында Маңғыстау облысының әкімдігі осы елдер арасында круиз ұйымдастыру бағытында жұмыстанып жатыр. Қазіргі уақытта қажетті технологиялық инфрақұрылымның болуы ескеріле отырып теңіз вокзалының орны анықталуда.

Теңіз туризмін дамытудың алғышарттары

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Маңғыстауда теңіз туризмін, су спортын дамытудың барлық алғышарттары бар: таза теңіз, әдемі жағажайлар, жағалау бойындағы елді мекендер, көптеген коммерциялық балық түрлері және географиялық орналасуы.
— Кез келген теңіз жағалауында орналасқан курорттық қаланың визит картасы — оның жағалауы, қаланың бүкіл көрінісінің толықтығы мен сұлулығына байланысты. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының 1-4 шағын аудандарының жағалауларын жақсарту үшін «Скальная тропа» жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Маңғыстау облысы әкімінің
баспасөз қызметі

(14)