mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Көмір алуға бір реттік жәрдемақы төленеді

Елордада қалалық әкімдікте өткен жиында Астана қаласы кәсіпкерлік басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов: «Астанада көмір бағасының қымбаттауына «Қазақстан темір жолы» компаниясының темір жол тарифін бірден 25 пайызға қымбаттатуы себеп болды. Өздеріңіз білетіндей, бізде қазір нарықтық экономика кезеңі. Сондықтан әкімдіктің бұл жүйеге араласуға құқы жоқ. Дегенмен, бізге бұл мәселе таныс. Қалада Шұбаркөл көмірінен өзге Майкүбе, Қаражыра көмірлері бар. Көмірдің тоннаға шаққандағы бағасы 7500 теңгеден 15 мың теңге аралығында»,— десе, Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу  бөлімінің басшысы Салтанат Станбаева: «Жер үйде тұратын зейнеткерлерге, егер олардың Астана қаласында басқа екінші үйі болмаған жағдайда және отбасының жан басына шаққандағы кірісі 3 күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда, көмірді сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі,  яғни бірреттік жәрдемақы төленеді. Көмектің мөлшері 18 152 теңгені құрайды. Ол үшін Достық көшесі 13 мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарына жүгінуге болады»,— деп хабарлайды.

(10)