mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мьянма лидері рохинджа мәселесі бойынша үндеу жасады

РИА Новости: «Мьянма лидері әрі мемлекеттік кеңесші, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи  Ракхайн штатында болып жатқан зорлықты айыптап, Мьянма билігінің Бангладештегі рохинджа босқындарына Ракхайндағы үйлеріне қайтып келуіне рұқсат беруге дайын екенін мәлімдеді»,— деп хабарлайды.  Аун Сан Су Чжи Мьянма парламентінде жасаағнүндеуінде: «Біз Ракхайн штатында болып жатқан қақтығысты айыптаймыз. Осы қақтығыста заң бұзғандардың барлығы өздерінің әрекеттері үшін заң жүзінде ең қатаң жазаға тартылады. Мьянма билігі Ракхайн штатындағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тәртіп пен тұрақтылықты орнатуға ниетті. Бангладештің Мьянмамен көршілес шекаралас аймақтарында жасырынып жүрген 410 мыңға жуық рохинджа содырларының Мьянмада тұрғылықты жері бойынша «верификация» кезінде құқығы расталса, Ракхайндағы өз үйлеріне орала алады. Верификация процесін кез келген уақытта бастауға дайынбыз»,— деп мәлімдеді. Жергілікті биліктің мәліметінде: «Қақтығыс «рохинджа содырларының» Ракхайн штатында (ескі атауы — Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мысй»,— делінсе, Мьянма әскерінің мәлімдемесінде: «25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 «содыр» қаза тапқан, ал  үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған»,— деген дерек келтірілген.

(14)