mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Миллиардтаған қаржыны игермеген министрліктер

Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы есеп беріп, бюджеттен бөлінген қомақты қаражатты игере алмаған министрліктерді атады. Ол: «Игерудің жақсы қарқынына қарамастан ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 114,8 млрд теңге жоспарға сай орындалмады. Оның ішінде 13,2 млрд.теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қатысты болса, 101,6 млрд теңге мүлде игерілген жоқ. Игерілмеудің ең үлкен өсіміне мынадай министрліктер жол берді: денсаулық сақтау – 20,3 млрд теңге, мәдениет – 9,3 млрд.теңге, ішкі істер – 9,3 млрд теңге, қорғаныс – 7,9 млрд теңге, ауыл шаруашылығы – 6,5 млрд теңге, білім және ғылым – 6,4 млрд теңге,
ұлттық қауіпсіздік комитеті – 10,6 млрд. теңге. Игерілмеудің негізгі себептеріне келсек, біріншіден, бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сылбырлығынан орын алған. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өткізілмеген конкурстар бар. Олардың ұзақ өткізілуіне және уақтылы өткізілмеуіне, өткізілу уақытын кейінге қалдыруға байланысты 16,6 млрд теңге игерілген жоқ. Ал 6,9 млрд теңге нормативтік-құқықтық актілердің уақытылы қабылданбауына байланысты игерілмеді. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылайтын қызметкерлердің де жұмысты тиісті деңгейде істемеген. Екіншіден, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан мердігерлердің жұмыстарына әлсіз әкімшілендіру мен әлсіз бақылау себеп. Мердігерлердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларын уақытылы бермеу салдарынан игерілмеу сомасы –29,1 млрд теңге, өнім берушілердің орындалмаған шарттық міндеттемелері – 17,9 млрд теңге, жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу – 14,5 млрд теңгені құрады. Біздің ведомство аталған мәселе бойынша үнемі аталмыш мемлекеттік органдармен байланыста»,— деген ақпармен бөлісті.

(4)