mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мемлекет басшысы Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді

Азия ойындарының басты қонағының батасы

Мемлекет басшысы Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

Түркіменстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысуға шақыруын қабыл алып, қонақжай түрікмен жеріне келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірген Гурбангулы Бердімұхамедов: «Бұл — Орталық Азия өңірінің барлық елдеріне ортақ мереке. Бұл — біздің ниеттестігіміз бен ауызбіршілігіміздің көрсеткіші. Осы ойындарға 64 елдің өкілдері қатысып отыр, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының өтініші бойынша 65-і ел ретінде босқындардан тұратын құрама қатысуда. Олар осы ойындардың туын ұстап сынға түседі», — дей келіп, Астанадағы халықаралық «ЭКСПО — 2017» мамандандырылған көрмесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын ерекше атап өтті. Қазақстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылық білдіріп: «Мен Сізді осы Азия ойындарының өтуімен құттықтаймын. Көптеген спорт нысандары салынды, алдағы уақытта олар халықтың игілігіне қызмет ететін болады. Мұндай іс-шаралар арқылы Түркіменстанның әлемге танымалдығы арта түседі. Биыл Қазақстан да ауқымды спорт сайысын — 28-і Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізді. Жалпы, біздің өңірде ірі халықаралық іс-шараларды өткізу өте маңызды», — дей келіп: «Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздан кейін көп нәрсе жасалды, мемлекетаралық комиссия жұмыс жүргізуде. Біздің экономика саласындағы перспективамыз жақсы деп ойламын. Мен сіздерге Өзбекстаннан келдім, онда мемлекеттік сапармен болдым. Көп мәселе шешімін тапты: шекарааралық ынтымақтастық, акциздер, салық, тасымалдау саласындағы тарифтер. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда бірден артқаны байқалады. Биыл ол 35 пайызға өсті. Мен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар да осылайша кеңейе түседі деп үміттенемін, — деді. Соңында Қазақстан Президенті Түркіменстан халқына және Түркіменстан Президентіне, сондай-ақ ойындарға қатысуға келген спортшыларға табыс тіледі.

Ашхабадтағы қоржынға алғашқы
медальдар түсті

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарында әйелдер арасында ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанып, құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Оля төртінші мүмкіндігінде 6.43 метр ұзындыққа секіріп, ел қоржынына үшінші алтын медаль салды. Тайландтық Bui Thi Thu Thao (6.36метр) және Үндістан спортшысы Varakil Neena (6.04 метр) күміс және қола медальды өзара бөлісті.
Ал ерлер арасындағы ядро лақтыру бәсекесінде отандасымыз Иван Иванов ядроны 19.60 метрге лақтырып, алтын медаль иеленді. Ерлер арасында сырықпен секіру бәсекесінде Сергей Григорьев топ жарды. Қазақстандық атлет 5.40 метр биіктікті бағындырып, ел қоржынына екінші алтын медаль салды. Екеуінің де нәтижелері Азия ойындарының жаңа рекорды болып жазылды.
Таэквондо спорты бойынша 74 кг салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Қайрат Сарымсақов ақтық финалда Иран спортшысы Махди Жәләлиға 2:5 есебімен жеңіліп, «күмісті» қанағат етті.
57 кг салмақта өнер көрсеткен Айтуар Шайкенов жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Манучехр Нематовқа 12:14 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды.

(16)