mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жаңаөзенде 60 оқушы сабаққа бара алмай жүр

31 арна: «Оқу жылы басталғанына жарты ай өтті. Алайда, алпысқа жуық оқушы бастарына орамал таққандары үшін сабаққа бара алмай жүр. Ал, жергілікті білім бөлімі болса, мектеп формасына бағынбайтын ата — аналарды сотқа бергелі жатыр. Осылайша, Жаңаөзенде хиджаб мәселесі күннен-күнге ушығып барады»,— деп хабарлайды.  Жаңаөзендік бір топ ата-ана мектеп жасындағы қыздарының орамал тағып жүргенін қалайды. Алайда, олар мұның мектеп тәртібіне қайшы екенін ескермейтін сияқты. Жаңаөзен қаласының тұрғыны Әлібек Салиқов: «Біздің қызымыз хиджаб, паранжа киіп жатқан жоқ. Оның киіп жүргені бұрындары  ұлттық нақыштағы біздің әжелеріміз, аналарымыз киген кимешек, орамал былайша айтқанда», дейді . Ал Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиев болса: «Оқушылардың мектепке орамалмен келуіне рұқсат жоқ, өйткені бәріне ортақ мектеп формасы бар. Сол сақталуы керек. Талап та солай. Менің қолымда Қазақстанның Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан 26-ы бұйрығы бар. Мен сол бұйрықты орындауым керек. Мен директорларға тапсырма бердім. Біздер түсіндіріп айттық қой. Айттық. Алдарынан өттік. Біздің талабымыз осылай»,— деп кесіп айтты . Ұстаздар мен ата-ана арасындағы орамалға қатысты дау тек бұл жағдай ғана емес. Күні кеше Ақтөбе облысында да дәл осы проблема қайталанған болатын. Сондытан, аталған мәселені сөзбұйдаға сала бермей, түбегейлі шешім шығару керек сияқты.

(9)