«Тәжірибедегі рефлексия»

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе — жаңа формация ұстазын қалыптастыру. Осыған орай, №101 мектеп-гимназияда «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша мұғалімдер үшін 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курс ұйымдастырылды. Бұл курсты ДББУ ПШО-да мектеп тренері бағдарламасы курсынан өткен және сертификатталған биология және география пәні мұғалімі Гульнара Исраиловна өткізді. Курстың өз дәрежесіне өтуі үшін мектеп басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалынып отыр. Курстың мұғалімдер үшін тиімділігі зор.
Оның мақсаты: педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Курс оқу барысында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдірудің маңызын түсіне отырып, кинометафора, бейнеталдау, миға шабуыл, дөңгелек үстел, кейстер әдістері секілді стратегиялардың ерекшеліктері мен алгоритмдерін, сондай-ақ, күнделікті топқа бөлудің ерекшелігі, өзін-өзі бағалай алуы, кері байланыстың тиімділігін үйренді. Мұғалімдер «Тимбилдинг» әдісін топтық ынтымақтастықта бірлесе отырып жұмыс жасады. Бұл мұғалімдер үшін қызықты әрі тың дүние болды.
Курс барысында алған білімдерін ұстаздар өз сабақтарында қолданып, нәтижелі болғандығын айтты. Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модульді ықпалдастыра, орта және қысқа мерзімді жоспар құру арқылы, тізбектелген ашық сабақтар өткізді. Тізбектелген 3 сабақтың 250 сөзден және жалпы курстан үйренгендері туралы 2000 сөзден тұратын рефлексивтік есептер жазды. «Тәжірибедегі рефлексия» курсының берері мол. Мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіріп, оқушылардың жан-жақты бағытта дамуына үлес қосуда. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі болып жатқан үлкен өзгерістер мұғалімдердің жаңа бағытта жұмыс жасауына, ізденуіне, өз білімін жетілдіруге талап ете отырып, еліміздің болашағына, оны жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарға толағай табыстар әкелетініне сенімдімін.
Гульнара Исраиловна,
№101 мектеп-гимназияның
мұғалімі, Алматы қаласы, Жетісу ауданы

(2123)